Жетісу
Жер таппан Жетісудай жер жаннаты,
Баршаға қоныс болған кең даласы
Байлық пен сұлулықты қоса берген,
Алланың құдіретіне сен қарашы.
Жеті өзен баурайында асып – тасқан,
Теңізі тербетіліп, толқын атқан
Тауында тау ешкісі ойнақтаса,
Түлкісі тоғайында бұлаң қаққан.
Тау менен таласып тұр қарағайы,
Сай – сайды бұғы, марал аралайды
Осындай табиғаттың сұлулығын,
Жырламау ақын жанға жарамайды
Гүлденіп, жайнай берсін Жетісуым,
Маған ыстық әрбір тас, орман – нуың
Керемет көк теңізде ән салғандай,
Үйрек – қаз, шағала мен аппақ қуың.
Асқақтап ұшар шыңы шарықтаған,
Көгінде қыран бүркіт қалықтаған
Дүниені жеті айналып шықсамдағы,
Жер таппайм Жетісудай анық маған!
Жансая ҚАБДЕН