Жетістікке жету кілті өз қолыңда

Жетістікке жету кілті өз қолыңда
жеке
блог

"Ақшаға сағат сатып аласың, бірақ уақытты емес" - деп қытай пәлсапасы айтқанындай, уақыт жүйрік, зымырап жатқан. Студент кезімде талап етілген оқу бағдармасына қосымша "өмір жолын" қалай жеңілдетемін деген сұрауға үнемі жауап іздеп жүретінмін. Көптеген ұлағатты сөздерді қағида етіп, жазып, үйдегі көрнекті жерге іліп қойып, өзімше тәрбие жүргізетінмін. Үшінші курста сатып алған алғашқы блокнотым осы күнге дейін жоғалмай жетті. Қайталап оқып отырып, күлкілі жайттар мен бірге қажетті дүниелерді көріп қаламын. Содан, студент шағымда қазірден гөрі ақылдырақ болған екем ау деген, ал кейде керісінше бала болған екем ау деген ойлар келеді. 

Сонымен, сіздермен бөлісейін дегенім, әр жанның көкейінде жүретін сауалға жауап іздеп көрсем, мүмкін бір қажеттеріңізге жарап қалар деп, психолог мамандардың айтқан кеңестерін жолдаймын. Молшылыққа жетудің жолы қандай? "Молшылыққа жету үшін іштей:"Мен өзіме-өзім ұнаймын,и өзімді қазіргі бар қасиеттеріммен, жетістіктеріммен сүйемін. аған бақытты болу үшін осыдан артық ештеңенің қажеті жоқ. Мен жүрегіммен өзімнің осылай екенімді түйсінемін. Ғарыш шексіз, мен - ғарыштың бір бөлшегімін, мен де шексізбін" деп түйсіну шарт"!!!

Пайдасы жоқ бардан без,

Панасы жоқ сайдан без (халық нақылы)

Біз үшін ең қымбат нәрсе уақыт. Және, бар кінәні уақытқа жауып, өзімі жауапкершіліктен қашамыз. Расында да уақыт бізге жетпейді ма, әлде жеткізе алмаймыз ба? Соның жауабын іздеп көрсек. Күнделікті өзіңіздің санаңызды, ойлау жүйеңізді қалай пайдаланып жүргеніңізге талдау жасап, тексеріп отыруға уақыт бөліңіз. Өзіңізге жетіспейтін нәрселерді ойлауға қаншалықты ақыл-есіңіз бен санаңыздың қуатын шоғырлайтыныңызды анықтайңыз. Көбірек қамту мен ісіңіздің жүрмей жатқанын айтып, шағымданып, ыңырсып жылауға қанша уақытыңыз кететінін анықтаңыз. Өз арыңыздың алдында адал болыңыз. Осылай істегенде - уақытыңыздың басым бөлігі осындай ойларға бөлінетініне көзіңіз жететін болады. Олай болса, осы ойлау жүйеңізді өзгертуге күш салыңыз. Өз ойыңыздың ағымын кім (қалай?) болғыңыз келетініне алмастырыңыз, біртіндеп бұл әдетке айналып кетеді. Сіздің қазіргі ойлау жүйеңіз, ойларыңыздың басым бөлігі өзіңізге керексіз-келеңсіз нәрселерді қоректендіріп жатқанын түсініп алыңыз. Осыны нақтылы түсінгенде ғана, ойыңыздың ағымын өзіңізге керекті арнаға бұрасыз.

  Уақыттың өлшемі мен үнемдеудің сырына қанықпасаңыз, уақытқа есеп берудің жолдарын ойланып көріңіз. Мен өзіндік есептеу жолын жасап көрдім, қажет деп тапсаңыздар алдағы уақытта жариялаймын. Енді, жетістікке, табысқа жетудің жолын ұсынып көрсем. (Келісу, қабылдау өздеріңізге байланысты;)) "Өмірде қандай болмасын жетістікке, табысқа қол жеткізгің келсе: "Мен осыған лайықпын!", деп өзіңізді иландырып алыңыз. сондықтан да басқаға еліктемей, өзіңмен-өзің болуың керек. Бұл дегенің эгоист болу емес, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірді қалыптастыра алу керек".

Жақсы әдет пен ойды қалыпты өміріңіздің өлінбес бөлшегі етіп алыңыз. Молшылық тартатын әрбір әдісті қолданыңыз. Қабырға, айна, тоңазытқыш, көлігіңізге өзіңізге ұнайтын ойларды, пікірлерді, кім болғыңыз келетінін жазып қойғаныңыз жөн. Жақсы ойлар қалауыңызды білдіріп, осылайша көз алдыңызда кім болатыныңызды күнделікті елестетіп, бірте-бірте сол тұлғаға айналуыңызға септігі тиеді. Ойлау жүйеңіз қалыптасады.

Пысы; Жоғарыдағы жазылған қысқа болса да мәлімет ойландырды ма? Өмір біз ойлағаннан басқашарақ. Алғаш танысқанымда өзім көкейімде жүрген біраз сауалдардың жауабын тапқан болатынмын. Әр уақытты өз қажетімізге жарата білейік Құрметті Массагетсүйер көпшілік!