Кейде ойланатын шығарсыз, неліктен кейбіреулері талмай еңбек етсе де, өміріне толыққанды жеткілікті ақша таба алмайды?Өмірдің тәтті дәмін сезіне алмайтындар да көп. Биік шыңдарды бағындырып, жетістікке жететіндердің құпиясы неде?
Атақты брендтің негізін салушы, американдық кәсіпкер, әрі мол табысқа кенелген Рей Крок: “Егер сіз тек ақша үшін жұмыс жасасаңыз, сіз оларды ешқашан таба алмайсыз” – деп айтқан болатын. Шынымен де, осы тұста ең өзекті мәселе – жұмысқа деген сүйіспеншілік. Мәселен, ішкі жан дүниеңнің қалауы мен ақылыңның түпсіз тереңдігі - екеуі бірге қосылса, сен әлемдегі ең бақытты жандардың бірі атанасың. Ісіңе бар мейірімділігіңді төгіп, махаббатпен қарайтын болсаң, атқарып жатқан нәрсеңнен ляззат аласың. Ал ол болса, табысыңның мол болуының кепілі.
Кедей адам мен бай адам арасындағы басты айырмашылық ойлау жүйесінде. Егер сіз: “Менің қолымнан бәрі келеді” десеңіз, сіздікі жөн. “Мен ештеңеге жарамаймын, қолымнан келмейді” десеңіз де, айтқаныңыз ақиқатқа айналады. Эндрю Карнеги, Генри Форд, Рокфеллер, Стив Джобс атты кемеңгер тұлғалардың бәрі өздеріне әрі жетістіктерге жететініне сенімді болған, сапалы дүниелерге, байлыққа, ең жақсы заттарға лайық екендерін білген. Оған қоса, ғалымдар мен психологтар дәлелдеген факт: тартылыс заңына сәйкес, өзімізде бар нәрсенің бәрін өзіміз-ақ ойымыз арқылы тартамыз. Сондықтан да, позитивті ойлау арман-тілекке жетуде маңызды рөл атқарады.
Қиялдай білу, мақсат қойып, оған жетудің өзі өнер. Ең бастысы, күн сайын мақсатыңызға қарай шағын болсын қадамдар жасаңыз. Нақты дедлайн қойылуы абзал. Жоспарлау, тайм-менеджментке аса көп көңіл бөліңіз. Сонымен қатар, осы тұста айтып кететін жайт:қоршаған ортаңыз бен күнделікті әдеттер сізді тұлға ретінде қалыптастырады, оны да қадағалаңыз.