ЖЕТПЕГЕНІ ӨРНЕК ЕДІ...

«Астана» арнасының жаңалықтарынан үндінің киімін киіп, мұрнына салбыраған сырға тағып, маңдайына моншақ салбыратқан қазақтың қызы сөйледі. Түсінгенім, ол қыз – Конституция күнімен құттықтаған қала тұрғыны, қонағы немесе... Сахнада өнер көрсететін адамға ұқсамады (өз ойым, қателессем екен...). Осы кезде үнді келіншектерінің қолындағы өрнектеріндей «ою»  салып алатын қазақ қыздары көбейіпті. Өзім ондайды  көрдім де... Неткен әсірееліктеушілік! «Үнді сериалдарының ықпалы» дей салуға болмайды мұны. Сол сериалды осы Алматыдағы түріктің де, өзбек пен ұйғырдың да, орыс пен шешеннің де қыздары көріп жатыр. Бірақ дәл қазақтың қыз-қырқынындай «қаз қуып» жүрген бірі жоқ... Үндінің салтын жетік білсе, қол-аяғына өрнек салар ма еді, салмас па еді... Араб болып жүргендері аз еді, енді үндіге еліктеу басталып кеткен екен... Осыған дейін «орыс» болды, ағылшынша сөйлегенді мәртебе көрді. Бірақ еліктеуден алдына жан салмайтын қазақ қызы қазақ болуға намыстанады. Дәстүр-салт жайлы айтсам «отсталаясың» деп қарайтын көзқарастарынан-ақ сезем бұны... Қазақтың қазақ қана болғысы келмейтіні қалай, тілін, ділін, салтын мақтаныш көргісі келмейтіні несі екен, а???




Бөлісу: