Мен бұл өмірде ғажайып дүниелерге сенуді доғардым. Неліктен? Себебі анамның еркелеткен сөздері, әкемнің ұлым деп басымнан сипағанын сағындым. Бала шағымда анам жылы киін, жақсы адам болуға тырыс деген кезінде ол сөздерді неге айта береді деп ашуланатынмын. Енді ойлап отырсам қай бір ата ана болмасын өз баласын жаман болсын демейді екен ғой. Әкем - анам өмірден өткелі бері, жүрегімнің бір бөлшегі қақ айырылгандай болды. Әр күнім мұңға толып, өмірге деген құштарлығым да жоғалып кетті. Әттең бұл өмірге жол ашқан жарық жулдыздарым анам - әкемді бір көруге мумкіндігім болғанда, қатты құшақтап, иістерін мәнгі жадымда сақтап қалар ем. Бала шағымда жығылып қалсам, түні бойы ауырып шықсам да, мен үшін жаны ауырып, көз ілмей, мені ойлап өтетін анамның қадірін енді түсіндім. Мектепте бұзықтық жасап, құтым қашып, ашулыққа тез берілгенімде, балам мұның дұрыс болмады - қадамыңды аңдап басуға тырыс деп ақыл айтып жүрегіме жылу ұялатқан, әкемнің күлкісін сағынып, ақылын енді түсіндім.
Енді ше жетімдер уйіндемін, мұнда бір отбасыға айналған достарым көп. Белгілі уақытта ұйықтап, белгілі уақытта тамақтанамыз. Әрине анамның тағамдарына ештеңе жетпейді ғой. Мектептен келіп үйге кіре салысыммен, дастарқанға жүгіріп, қолымды жумастан анамның бәліштерін опырып салатынмын. Қайран - ай десеңші, сол күндерім орындалмас арманға айналды. Кеше біздің тәрбиеші апай саябаққа кыдырткан болатын сондағы ата - анасымен қыдырып, жүздері бақытқа толып жүрген балаларды көрдім. Оларға қатты қызықтым. Эхх олар қандай бақытты адам екенін білгенінде ғой. Әке шешен қасында жүргені дүниенің кереметі десемде қате болмайды. Адамдардың саған жетім ғой деп қарағаны да жүрегіме ауыр тиеді. Әрине бұл өмірде адамдарды тірілтуге қауқарсызбыз, бірақта жанымызда алтын адамдардың жүргенін бағалауға тиіспіз. Көңілге қаяу түсіретін сөз айтпай, жүздеріне күлкі ұялатып жүруіміз керек. Олар қасымызда мәнгі болады деп айта алмаймын. Сол себепті әр күнді қуанышпен өткізіп, бағалап өтуге тиіспіз. ..