Жетімін жылатпаған елміз...

1-маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Осы мереке қарсаңында Жас Отан ЖҚ белсенділері "Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына" құттықтауға бардық. 

Бұл балалар үйінде 76 бала тәрбиеленуде. Мекеме директорының мәлімдеуінше ең кішкентай 5 жаста болса, ал үлкені 20 жаста. Бір үйдің баласындай боп тәрбиеленіп, бір-бірінен қарайласып жүрген жас бүлдіршіндер бізді қуана қарсы алды. Үйлеріне қонақ келгенін қатты жақсы көретіндіктерін жасырмай айтты. Келген сәттен-ақ аға, әпке деп мойынымызға асылып, әңгімелерін бастап кетті. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-анадан ерте айырылған балалардың арман-тілектері біреу-ақ. Ол - ата-аналарының жүзін бір көру.

 Мерекелік кеш эстафеталық ойындармен бастау алды.

4 топқа бөлінген балалар үйінің тұрғындары өзара бақ сынасты. 

Эстафеталық ойындардан фото көрініс

 

 

 

 

Эстафеталық ойындар осылай жалғасып, өз мәресіне жетті. Мұнымен біздің балаларға деген сыйымыз аяқталмады. Кеш әрі қарай кешкілік алау жанында жалғасты. 

Эстафеталық ойын қатысушылар марапаттау рәсімі де осы алау жанында өтті. Біз өз кезегімізде ойынға қатысқан балаларға алғыстарымызды білдіріп, кітап сыйладық.

 

Аға, әпке деп іші-бауырымызға кіріп жатқан жас бүлдіршіндерді көргенде қалай жүрегіміз жібімесін... Тағдыр тәлкегіне ұшырап, өмірлері бір арнаға тоғысқан бұл бүлдіршіндердің өмірі бәрімізді де алаңдатары анық. 

Мен де жасотандық болып, өзім секілді балаларға қамқорлық көрсетемін, оларды жылатпаймын дейді мына бүлдіршін. 

 

Әсем әннің ырғағында би биленді. 

Балаларға әсем де әсерлі кеш сыйлаған жасотандық жастардың бір бөлігі. Осы қыз-жігіттердің ұйымдастыруымен өткен бұл шараның маңызы зор болды дейді тәрбиеленушілер. Өз кезектерінде бізге де алғыстарын білдіріп, осындай спорттық шараларды көбірек ұйымдастырсаңыздар жақсы болар еді деген тілектерін де жасырмады. 

Мекеме тәрбиеленушілермен түскен естелік сурет. Бұл кеш осылай аяқталды.

 

P.S. Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек...



Бөлісу: