Жетімдерге

Жетімдерге
жеке
блог

Сәбилер жүр аңсап ана алақанын, 

Жылауменен атырып ала таңын. 

Ет жүрегі езілмей ме тастар кезде?

Бауыр еті баласын, балапанын.

 

Бір ауызбен айтқанымен түсінбейміз, 

Ақыл айтып, жанашыр боп,  үңілмейміз 

Бұл заманда не болған адамдарға 

Көмектеспей сырттан ғана мүсіркейміз 

 

Асыраңдар оларды демеймін де 

Қолмен шұқып көрсетпе көрген кезде, 

Берген мейірім, көмек қолын созсаң егер, 

Алар еді сауабын көмектессе.

 

Нәсіп берер Аллам әрбір балаға, 

Әкелдің бе өмірге тастамағың далаға, 

Жүректері суығандай адамның, 

Иман қалып, ерген бе әлде жын шайтанға?

 

Тастамаңдар өз перзентін баласын ,

Болсын ылғи иман атты жолдасын. 

Есіктерден сығалап күтіп жүрер,

Жәудір көзді жетім бала болмасын!