Жетімдер де биікке жете алады!

Жетімдер де биікке жете алады!
жеке
блог

Мен, Жаңбырбай Назерке Қуанышқызы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің студентімін. Факультетімізде биылғы жылы бірінші рет жүргізіліп отырған "Режиссура өнері" сабағынан Жидегүл Әбдіжәділқызының тапсырмасы бойынша осы мақаламды жариялап отырмын.

Балалар үйі… Барлығын бір тағдыр тоғыстырған өзінше әлем. Мұнда барлығы бар, ойыншықтың түр-түрі, киер киім, тамақ тоқ. Шаттанып күлу мен ғажайыпқа сену жоқ. Мұнда сағыныш бар. Жауапсыз сағыныш. Кімді, не үшін күтіп жүргендерін де білмейді. Анасы баяғыда жоқ болған. Сонда да сағыныш маза бермейді…

Мұндағы жетімдерді әр түрлі тағдыр тоғыстырған. Көбісінің ата-анасы тірі. Өмірге келе сала мына заманның қаталдығын, озбырлығын көрді. Әрқайсысының қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыры тарихқа толы…

Осы қысқа ғана ғұмырлары өтіп жатқан өмірдің тек қана бір парағын көріп қайтқаныма да 1-жыл толыпты. Сол күн, сол сағат менің санамда әлі күнге дейін сайрап тұр. Сол бір күнімдегі толғаныс ерекше болатын.Біз 1-курсқа енді түсіп ,  «студент » деген атты енді иеленіп жүрген кезіміз еді. «Сұңқар» студенттер кәсіподағының мүшелерімен бірігіп балалар үйіне барды жөн санап, демалыс күні жиналып, балалар үйіне жол тарттық. Сол жерге жетіп кіріп барған сәттегісезім бөлек. Себебі, олардың өмір сүріп жатқан жері, өмір сүру ортасы тіпті басқаша.Олардың ойлауы бізге қарағанда әлдеқайда алда. Себебі,олар сол табалдырықты аттағаннан бастап «жауапкершілік» деген ұғымдысаналарына құйып алған. Біз өзіміз санаулы уақытқа ғана бардық. Сенесіз бе?! Біздің қазақ мұғалімдеріміздің мүмкін төмендігінен шығар біз қазақ балаларын ала алмадық. Бар уақытымызды орыс  тобының балаларына арнадық. Шамамен, 4-ші 5-ші сынып оқушылары болды. Барлығы әдеттегіше бізбен амандасып,күнде көріп жүрген адамдардай жүре берді. Олардың бет-әлпеттерінен алып бара жатқан әсерді байқай алмадық. Себебі, олар біздің 1-2 сағат қана болып қайтып кететінімізді, қастарында болмайтынымызды немесе оларды алып кетпейтінімізді біліп тұрғандай «неге келдіңдер ?!» деген кейіп танытқандай болды. Дегенмен, біздің жүрек соғысымыз екерше .Біз олардың көңілін аулау үшін барымызды салып,ойындар ойнатып, ән айтқызып, би билетіп, алып барған тәттілерімізді ұсындық.  Олар бала болып тәттіге де таласпайды.Қолына үлестірілгенін ғана алып тұра береді. Осыдан кейін барған әрбір адам бөліп жеке-жеке балаларға қарап, көңіл бөлуді жөн көрдік. Мен барғаннан жаныма жақын болып, тамсана қараған қызым Люба деген бүлдіршін еді. Неге?!екенін қайдан сол бүлдіршінді жанымнан алыстатқым келмеді. Тіпті,сол бүлдіршінді қызғанып замандастарыммен сөзге де келіп үлгердім. Сол қарқынмен ашылып әңгіме айтуға тырыстық. Бірақ, олар ештеңе айта алмайды. Көздерінде бір қорқыныш пен үрей бар. Тек сасқалақтап «қашанға дейін боласыздар?!»деген сұрақты қоя береді. Біз бұл сұраққа мардымды жауапта қата алмадық.  Кетерге жақын  барымызша біз тағы да келіп тұрамыз,біз сендерге әлі талай тәтті әкелеміз деп айтып жұбатқандай болдық. Бұл жұбату екенін оларда сезіп тұрағандай .Осы сәтте менің жанымдағы Люба  барған 2-сағат ішінде бірінші рет «Тәте, 22-сі менің туылған күнім. Маған торт, алма әкеліп атап өтесіздер ме?!» деді дірілдеп. Мен, 18-жыл ішінде жан-дүниемде болмаған бір сезімді кештім. Өзімді жинап «міндетті түрде келемін,бәрі жақсы болады!» дегеннен артық сөз айта алмай шығып кеттім. Содан бері 1- жыл уақыт өтіпті. Мен әлі сол балалар үйіне қайрылып бармадым. Замандастарым барып жатыр,мен әртүрлі себеп айтып қалып қоя беремін Неге екенін өзімде білмеймін. Бірақ, сол жаққа жолым түссе бір сезім бейлейді жан-дүниемді. Мен олардың  ешқашан өз пікірлерін айтудан қорықпағанын , қойған мақсаттарына жеткендерін, ол үшін дұрыс мақсат қоя білу керек екендігін түсіндіріп сол үшін ықпал жасағым келеді.Ол үшін маған уақыт керек. Раушан гүлі секілді… Жұпар шашады. Расымен де жұлынған гүл тез солады. Ал кейде раушан гүлінің бір талын қайта отырғызып, гүлдендіруге болады. Сол сияқты мен де балалар үйіндегі бүлдіршіндердің өмірге деген құлшыныстарын арттырып, өмірге басқа қырынан қарағандарын қалаймын.Бір айтарым, жетімдердің де биікке жете алатынын дәлелдесе екен!!!