Жетім көрсең жебей жүр

                                                   Жетім көрсең жебей жүр

«Көкек ана» мен «Тасжүрек әке» «Бейкүнә сәби» деген тақырып қазіргі күнде  қоғамның сыздаған бір жарасы секілді.Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал жетімдер саны 94 мыңнан асады.Ислам діні жетімдерге қамқорлық етуді міндетті түрде уағыздайды.әкенің қамқор мархаметінен,ананың мейірімді құшағынан махрұм қалған балалардың жүректері жаралы,көкіректері шерлі,қамқорлыққа,сүйеуге мұқтаж болады.Сол балалардың көзінен мен мынаны көрдім:

«Өмірдің,тағдырдың маңдайымызға жазғаны осы болар..Алайда әке мен ананың құшағын әрбір атқан таңмен,батқан түнмен аңсауда боламын.Жығылғанда «балапаным» деп жұбататын ананың аяулы сөзін,дәмді мен үшін әзірлеген тағамдарын жеп,еркелеп ана құшағында жанында отырғанға не жетсін..Әкемнің жұмыстан келгенін күтіп,алдынан жүгіріп шығып «әке» деп атағанымды күнде түсімде көремін..»

Дана халқымыз:« Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген. Ортасындағы жетім – жесірлерін ауқатты жандар қанатының астына паналатқан..Сол сияқты Қасиетті Құранда: «Сенен жетімдер туралы да сұрайды. Оларды пайдалы және жақсылап жетілдіру қайырлы іс. Егер олармен бір жерде өмір сүрсеңіз, олар сіздің бауырларыңыз. Аллаһ жетімдерге қамқор болмақ болғандар мен пасықтық жасағандарды біледі»,-деп мәлімделген. Аллаһ елшісі әйгілі хадисінде адамды құртатын жеті нәрсе қатарына жетімнің ақысын жеуді бекер қоспаған. Дүниеде екі әлсіз жан болса, біреуі-жетім, екіншісі-әйел деп ескерткен». Құранның «Ниса» сүресінде жетімнің ақысын жеу қарнына жанатын от жұтқанмен бірдей айыпталған.

Қазақстан Репсубликасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша Республикада 79000 бала 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде – 247 бала. 

Ата-бабадан мирас болып қалған «Жетім көрсең, жебей жүр!» деген ұлағат тәуелсіз еліміздің өміршең саясатынан ойып орын алғаны тектен-тек емес. Өмірде ешқашан жарты бақыт болмайды. Елдігімізге әлем таңырқаған шақта әрдайым аман жүрейік, түгел болайық!



Бөлісу: