Жетім көрсең жебей жүр

Соңғы уақытта "Жетімдер үйінің" саны біртіндеп кемуде.Дей тұрғанмен тастанды балалар саны азаяр емес.Қара көздеріміздің ата-анасыз жетім қалуының себебі неде? Қазіргі кезде қоғамда жасөспірімдер шалыс қадам басып, жастайынан ата-ана атанып, кейін сәбиінен безіп "жетім" қалдырады.Өзінің ішінен шыққан баласын қалай көзі қиып тастап кететіндігі, мені қатты ойландырады.Бұл адамдардың соншалықты жауыз, тасбауыр болғандығы ма? Бәйкүнә сәбидің не жазығы бар еді? Ана мейірімін, отбасы жылулығын көрмей өскен баланың да қатыгез болуы өсуі мүмкін ғой.
Кейбір жандар сәбилі болуды аңсап, күні-түні Аллаға жалбарынып жатады.Ал көкек аналарды "Ана" деген аяулы атпен атағың да келмейді.Ана деген баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, "сәбиім ауырғанша өзім ауырайын" деп жан ұшырып жүреді емес пе?
Мына өлең жолдары арқылы жастарға ой салғым келеді.
Жетім, жетім демеңіз,Жетімнің ақысын жемеңіз.Қанша қиын болса даӨз балаң бауыр етіңдіБалалар үйіне бермеңіз.Қанша мақтап тұрса даЕшбір сөзге ермеңіз,Барлық жағдай қамтылғанДесе де жұрт сенбеңіз,"Жетім көрсең жебей жүр"Ұлы сөзді білсеңіз.
Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы ретінде біздің университетте балаларға қамқорлық жасап, мейріміділік көрсетіп жүрген "Көмек" қоғамдық қоры мен "Жас Отан" жастар қанаты ұйымдарының бар екендігін жеткізгім келеді.Студенттер жыл сайын балалар үйіне барып, концерт жасап, тамақтандырып, сыйлық апарып, жарымжан көңілдегі балаларға сәл де болса жылулықтарымен бөліседі.Осындай жастардың өсіп келе жатқандығы көңіл қуантады.
Мұхаммед с.а.с : "Жетімнің басынан сипағанда алақаныңызға қанша шашы тисе, сонша сауап аласыз" деген.
Жетімдерді жылатпай, пана бола білейік!


Бөлісу: