Жетім бұрышта жүрген бір өзге ұлтты көрмеппін

Алматыға я бір басқа қалаға бара қалсаңыз үй таппайсыз. Міне, осы кезде маклер деген атауды зор мақтанышпен айтатындар сіздің көлеңкеңізге айналады.

Қорқынышты ма? Иә, біздің елде маклердің көмегінсіз үй табу қиынның қиыны. «Жетім бұрыш» жабылып қалса да, оның елесі әлі күнге қызметін жасай береді-ай. Күндіз-түні, қысы-жазы сіздің баспанасыз қалып қоймауыңызды «қадағалап» отырған олар пәтерді жалға беретіндер мен алатындардың ортасындағы кәдімгі делдал. Бір пәтерді сұрап, барып көре қалсаңыз – 1000 теңге өтеміңізді беруіңіз керек. Ал егер пәтер иесімен келісіп, үй ұнап жатқан жағдай болса, бұл сома жиырма еселенеді, яғни 20 000 теңге төлеуіңіз шарт. Иә, үйсіз-күйсіз, шарасыз қалған Алматы жастары саспай қайтсін? Күзде күзеуге, қыста қыстауға көшетін қазақ қабырғасы сөгілген тар үйде, тағы Алматының шекарасынан тысқарыда, аулақта өмір сүруге мәжбүр.

Даудың басы – маклерлерде болып отыр ғой. Бізде неге дәл осы қызметті мемлекеттік қызметке айналдырмайды? Мәселен, мемлекеттік мекеме? Қызмет түріне тұтынушылар бал арадай үймелемейді деп көріңіз. Оның үстіне, қызмет құнын әлденеше еселеп төмендетсек халыққа көмек болар ма еді? Мұндай ойдан табыс көп пе? Көп! Қайырлы іс пе? Иә...

Мүмкін, қаперге де алмай жүргеніміз бе екен? 



Бөлісу: