Жетім бота

 

Менің ойымша, бұл шығарманың ең басты ерекшелігі адамды оқу барысында бірден емес, бірте келе баурап алуында. Шығарманың басында қазіргі заманғы бір сәттік өткінші сезім мен қарбалас өмір қатігездігінен көрініс берілсе, аяғы адамды соншалықты жүрек түбіне дейін толғандырып, «өмір» мен «махаббат» ұғымын басқаша бір қырынан көрсете алуында.

     Өмірде болады, барлық нәрсеге жеңіл-желпі қарап жүресің,кей кездері жаның күйзеліске ұшырап, бәрінен безіп кеткің келеді. Міне дәл осы сәттерде адамды тәубеге келтіретін осындай Ақбота секілді жандар. Білемін мен әлі өмір туралы айтуыма ерте, бірақ кей жандар болады. Жүзінде бір мұң бар. Ол мұң өзінен-өзі пайда болмайды, олар сол мұңмен бірге жаратылады. Оларға ешкім өмірді түсіндірмейді, құтты бір сол жандарды бізді тәубеге келтіру үшін жаратқандай сезім болады. Сол жандар бізге сонысымен ерекше, сонысымен ой қалдырады.

       Шығарманы оқи отырып, кейіпкердің өзімен –өзі сырласуы, шығарма барысындағы автордың Жетім қыздың сырын бірден емес, алдымен бір жалт еткен елес ретінде көрсетіп, кейін толығымен аша білуі, жетім қыздың табиғатпен тілдесіп, ата-анасын тұңғиық терең теңізден іздеуі жеке өзім үшін аса әсерін қалдырды, жүрегіме өзіндік жол тапты. Біздің өміріміз де сол теңіз секілді. Мән-мағынасы терең, ашылмаған сыры көп...

 



Бөлісу: