Жете алмайтын жетістік, аса алмайтын асу жоқ

Мақаланы оқу алдында өзіңіз жайлы таңқалдыратын бес факт ойлап көріңіз... Таптыңыз ба?.. Егер қиындықтар туса, бұл мақала сіз үшін.

Әр адам өзіне “не істеймін” , “қандай мамандық таңдаймын”, “кім боламын”  деген секілді өзекті сұрақтарды өмірінде бірнеше рет қоятынына мен сенімдімін. Бұл сұрақтарға жауап іздеуге құлшынбасан немесе таба алмасан, көкірегінде жағымсыз ерекше сезім пайда болады. Білместік сізді мазаласа, жақсылықтын белгісі. Себебі, адамның айнасы - оның қызығушылықтары және іс әрекеті.

Өміріңдегі орныңды, өз-өзіңізіді табу үрдісі кезінде  көптеген мәселелерге тап болған шығарсыз. Осындай қиыншылықтардың әсерінен көптеген адамдардың салы суға кетіп, ізденісті тоқтатады. БІРАҚ, бір затты білгеніңіз абзал: Cізге қарағанда мүмкіндіктері мен ресурстары әлдеқайда аз болғанымен, зор табыстарға жетіп, айтарлықтай өзгеріс енгізген мыңдаған адамдар бар. Дәлел ретінде төменде бірнеше мысал көре аласыздар. Мүмкін, кейбіреуін білетін де шығарсыз.

Грегор Иоганн Мендель шаруа отбасында дүниеге келді. Кейін Августиндік монастырьда сопылық өмір кешті, сауатын ашпаса да өсімдіктерге деген қызығушылығының арқасында генитиканың негізін салды.

Америка Құрама Штадтарының президенті Авраам Линкольн  сауаты ашылмаған фермерлердің отбасысында дүниеге келіп, мектепте 1 жыл ғана оқығаның білдіңіз бе?


Еш оқу орнын бітірмей электромагниттік физиканың негізін салу үшін Майкл Фарадейдің көп еңбек етіп талаптанғаны сөзсіз.

 

Әлемге әйгілі ең үздік технологияларды (Apple) ойлап тапқан Стив Джобстың кезінде  Кока Кола бөтелкелерін сатқан ақшаға өмір сүрген жетім бала болғанына кім сенер?!  

Кедейлікті, аштықты басынан өткізген Чарльз Чаплин даңқы дүние жүзіне тараған америкалық киноатер, сценарист, композитор және режиссер атағына жетті.

Джоан Роулинг кедейлікке, анасының өмірден ерте кетуіне қарамастан дүниежүзіне танымал балалар және үлкендер сүйіп оқитын “Гарри Поттер” кітап жиынтығының авторы бола алды.

Ник Вуйчич өте сирек кездесетін тетраамелия синдромымен туылып (яғни, аяқ-қолдары жоқ),  қазіргі таңда жер шарын аралап көпшілік алдында мотивация беретін сөз сөйлеуі әрқайсысымызды таңқалдыратын шығар.

Джесси Оуэнс 10 балалы кедей отбасында дүниеге келіп, нәсілшілдіктен зардап шекті. Соған қарамастан, 1936 жылғы Олимпиадада 4 әлемдік рекорд орнатты. Бұл рекордтарға қазіргі таңға дейін тек бір адам жетті.

Жоғарыда аталып кеткендей, білімі, қаражаты жоқ, баспанаға және тағы басқа заттарға мұқтаж болған адамдардың ғылымда, саясатта, спортта, шығармашылықта, тіпті актерлік өнерде биік шыңдарға жеткендігі айқын.  Ал бізде не бар??? Осы кісілермен салыстырсақ, біздің мүмкіншілігіміз анағұрлым ауқымдырақ. Ғаламтор, қорында мыңдаған кітаптары бар кітапханалар, сан алуан өнер және спорт үйірмелері, әрқашан көмек беруге дайын ұстаздар немесе репетиторлар - осының бәрі де қол жетімді жерде. Бізге қажеттісі тек ықылас, талпыныс және де еңбек! Сондықтан, уақытыңызды босқа өткізбей, ерекше болуға тырысыңыз.

Дәл қазір физикадан жаңа теория ашып немесе бір спорт түрінен олимпиялық жеңімпаз атаныңыз дегенім жоқ. Аздан бастайық.

Сізге бір ұсынысым бар: 2015 жылдың соңына дейін кез келген пайдалы дағды қосып, жаңа заттарға қызығушылық танытайық. Биге жазыласыз ба, шетел тілін үйрене бастайсыз ба, компьютерлік бағдарламалау тілімен танысасыз ба, бәрі де өз қалауыңыз. Жаңа бастамаға қаражат керек деп сылтау іздемеңіз, себебі ғаламтордан видео сабақ тауып алуға және көптеген кітаптардан біліміңізді арттыруға мүмкіндігіңіз бар. “Жігітке жеті өнер де аз” демекші өзіңізді одан әрі қызық және қымбат  қылатын дағды тауып алыңыз. Бұны меңгерген соң, бірте-бірте потенциалыңызды ашып, мүмкін, бір күні сіз адамзат тарихында болмаған ғаламдық ауқымдағы өзгерістің себепкері боласыз. АЛҒА!



Бөлісу: