"Жеті рет өлшеп, бір рет кес!"

«Адамның айтқаны емес,Алланың айтқаны болады»- деген рас екен.Пенде болғаннан  соң сүрінбейтін-тұяқ,жаңылмайтын-жақ  жоқ-ау,сірә!...Расымен,айтылған сөз-атылған оқ!(Іштеріңізден осы қыз тағы сөзінде тұрмады дерсіздер.Амал жоқ...)

Жарайды,енді сөздің төркініне көшейін.Жоспарланған қоштасу кеші әсерлі және өте көңілді өтті.Қимастықпен көзімізге жас алып,көңілімізді де босатып алдық. Тіпті алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.Ээээхх...бәрі көз алдымнан  сол мезеттегідей сүзіліп өтіп жатыр.Бәріне үлгердік:лимузинмен түнгі Астананы тамашыладық.Сосын, Есілдің жағасына барып таңның атқанын бақыладық та, сығалап көрінген күн сәулесімен бірге жарыса «қытай шамдарын» жағып,арманымыздың биік болуын  мақсат етіп биіккеее ұшырдық.Қызыыық болды.Сол маңайда шулап жүргенімізде полиция  қызметкерлері Есілдің жағасынан қуып жіберді.Көтеріңкі көңілімізге бұл тосқауылдар көлеңке ұялата қоймады бірақ.Осыған бола көңіл күйімізді түсіреміз бе деп,таң атысымен Астана көшелерінде айқайлаап ән айтып,таза ауада біраз ойнадық.Көңілді кешімізді ұйқысыз түнмен жалғап, жаздың тамылжыған табиғатына тәнті болып таңды атырдық.Бәрі,бәрі көңілді өтті.Расында да,екі рет студент болып,универмен екі рет қоштасуымыз мүмкін,екі рет үйленіп немесе тұрмыс құрып,екі рет той жасалуы да бек мүмкін.Алайда екі рет мектеп оқушысы болып,мектептегі өміріңді  қайталауың мүмкін емес...

            Міне,байқағандарыңыздай Астанадағы қоштасу кеші жақсы өтті.Жетісайға да барамын деп біраз кеудемді көкке керіп,қуаныштан құшағым кеңейген болатын.Абзал ағамның сәлемін мойныма іліп,Салтанат әпкемнің өтінішін естен шықпасын деп түйіншекке түйген қалпында қалтама салған едім.Бірақ...бұйырмады ғой,бұйырмады.Үлгере алмай қалдым.Ерте қуанып қойған екенмін.Аман болсам,басқа жолы да ауылға ат басын бұрып тұрамын ғой деп қоямын.Бірақ... жарайды.Бұйырғаны әрі қарай бола жатар. «Адамның айтқаны емес,Алланың айтқаны» болады дегенге тағы да көзім жетті.Сол себепті достар,уәде берерде немесе бір нәрсе істерде ешкімге тіс жармауға кеңес беремін.Себебі,ол іс жүзеге аспай қалса жан-жағыңыздағыларға екі  жүзді,өтірікші адам сияқты болып қалуларыңыз мүмкін.Тағы «Жеті рет  өлшеп,бір рет кес» деген де жақсы сөз бар есме пе?! Сондықтан,асығыс шешім қабылдамаңыздар...(не айтып кеттім?!мендегіні өздеріңіз де түсініп отырған боларсыздар)

Уақыт зырылдап,ұстаптай өтіп жатыр.Тамылжыған жаздың жарқыраған күн сәлесіне шомылып,екінші айына  да аман есен жеттік!Аллаға мың да бір шүкір!Жаңа айдың бізге берер несібесі-мол,меңзер жері-нұрлы жол болсын дегім келеді!Арман деген асыл мұратымызға,бақыт деген бағалы мақсатымызға,өмір деген өшпес үмітімізге,махаббат деген мөлдір сезімімізге  еш кедергі  болмасын!Арайлап атқан әрбір таңымыз бізді бақытқа бөлесін!Жүзімізден бақыт нұры,күлкімізден бақыт сыңғыры,сөзімізден бақыт сырлары,сондай-ақ,жүрегіміз-бүкіл өне бойымызға тарайтын бақыттың бастау алар бұлағы,қайнар көзі болсын!Бәріміз бақытты болуға лайықтымыз!Бақытты боламыз да!Осы күнге дейін өзімізді мазалаған,бізді жүдеткен,жанарымыздан жас тамшылатып,қабағымыздан "қар жаудырған",өмірімізді қара түнекке айналдырған, жадымызға "жаман" естеліктерді сіңірткен,өмірге деген құлшыныс пен көз қарасымызды өзгерткен,сыннан сүріндірген,азабымен күйіндірген нәрселерді атауымен ұмытып,жаңа өмірге аяқ басайық!!!Біздің қолымыздан бәрі келеді!Алдағы күндеріңізге тек қана сәттілік тілеймін!Бақытты болайық!

 



Бөлісу: