Жеті минутта 14 көйлек ауыстыратын сиқыршы Алтынай Байтоқанова өмірден өтті

Жеті минутта 14 көйлек ауыстыратын сиқыршы Алтынай Байтоқанова өмірден өтті
жеке
блог

Қазақты әлемге танытып жүрген ерекше өнер иесі Алтынай Байтоқанова былтырғы жылдың соңында Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен болатын. 
Алтынай Байтоқанова 1972 жылы бұрынғы Жезқазған облысының Жезді ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Журналист, телерадио жүргізушісі, цирк менеджері, бағдарлама жүргізушісі, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдерінде иллюзионист болып еңбек еткен. Соңғы жылдары «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. Ол көптгене әлемдік байқауларға қатысып, иллюзионистік жанрдың шебері ретінде талантына бас игізді. Оның өнерін Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де көптеген елдерде көрермендер ықыласпен тамашалады. Былтыр ғана Қытайда өткен Халықаралық иллюзионистер байқауының бас жүлдегері болды.

Жалпы, ол көрсеткен көріністер шын мәнінде нағыз сиқырға толы. Ол сахнадағы 7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып үлгеретін. Ол «Өмір-өзен» телебағдарламасын жүргізді.
Әлемді мойындатқан аса талантты қызының қазасына ортақтасып, күллі Қазақстандықтарға көңіл айтамыз.