Жеті атасын білмеген - жетесіз

Жеті атасын білмеген - жетесіз
жеке
блог

Ұрпағына жеті атасын үйрету – атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Жастайынан балаға әкеден бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегендей, әрбір азамат сөзге қалмас үшін өзінің жеті атасын білуге тиісті.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұрта жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу – ер-азаматты ерлікке, елдікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгімелеп берген. Осы арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген. 


Бағдарламамыздың бүгінгі саны балаға жеті атасын үйретудің тәрбиелік маңыздылығына арналмақшы. Сондай-ақ, жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ адам баласының өсу кезеңдерінің әрқайсысына кеңірек тоқталатын боламыз. 

Бүгін СТВ арнасынан сағат 22:20-да жарық көретін  "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламаны тамашалаңыздар! 

Қайталауы: жексенбі күні, 4 тамыз сағат 19-00

Мұрағат: stv-online.kz

Редактор: Қазына Әбдіғапбар

Продюсер: Ғазиза Ұзақ

Дубляж: Шамшаддин Омаров