Жеронимо тышқанның қызықты оқиғалары (байқауға)

Мен жазғы демалысымда  Жеронимо тышқан туралы кітаптың алпыс томын оқимын дедім. Уақытым тіл үйренуге, сурет салу мен қазақша кітап оқуға кетіп үлгере алмай, бұл кітаптың жиырмасын ғана оқыдым және жазғы демалысым біткенше алпыс бөлімін оқып бітірсем деймін. Мен бұл блогымда Жеронимо тышқан туралы жазбақпын.

Жеронимо өзінің Ескі Тышқандар Қаласы деген елінде өмір сүреді. Ол өзінің елінде белгілі жазушы және газет шығарушы. Ол кітаптарында өзінің басынан кешкен қызықты оқиғалары туралы жазып отырады.

Жеронимо мысықтан, қараңғыдан және өзінің көлеңкесінен қорқады.

Жеронимо әрдайым жасыл түсті киініп және мойынға қызыл түсті орамал байлайды және ол сол киімімен ұйықтап, партиге, тауға шықса, жұмыста да сол киіммен жүреді.

Жеронимоның көзі ауырады сондықтан көзілдірік киеді.

Жеронимо сүттен жасалған сыр ұнатады.

Жеронимо қорқып кетсе «О, әулие ірімшік!» дейді. Егер Жеронимо ренжіп қалса «Ох, көгеріп кеткен сыр!» деп ашуланады.

Оның тегі Стилтон. Стилтон деген Енгландта ең атақты ірімшіктің аты болған екен. Жеронимо сол себепті таңдап алған екен.

"Geronimo Stilton"  6-12  жастағы  балаларға  арналған  кітап. Оның  авторы  Elisabetta  Dami.  Маған  бұл  кітап  маған  қатты  ұнайды. Ол 2000 жылдан бастап шығып келе жатыр.  Біздің мектептің кітапханасында және біздің таундағы кітапханада бұл кітаптар өте көп. Жеронимо тышқан оқиғалары туралы жазылған  154  том кітап  бар.

Жеронимо тышқан туралы кітап отыз тілге аударылған екен. Мен ағылшын тілінде оқудамын. Бұл кітап өте қызық. 

 


Бөлісу: