Жерді құтқару

Жерді құтқару
жеке
блог

Алты ай бұрын.

Арайдың бір жігітпен сүйісіп тұрғанын көрдім.Ерініне сүлікше жабысып алыпты, айырылмайды ау,айрылмайды! Желтоқсанның ызғарын самал құрлы көрмей,екеуі де болконда жеңіл киінулі. Айбек досым шақырып еді , тәуелсіздік күнінің құрметіне кеш ұйымдастырып жатырмын деп.Қолым тимеген соң бара алмайтынымды айттым. Жүріп жүрген қызым Арай да"Барайық«деді.Мен бір күрсініп,бара алмайтынымды айттым. Түн ортасы ауғанда жұмыстарым бітіп,көңілді кешке барғым келіп кетті. Арайдың да іші пысып отырған шығар.Телефон шалмастан тосын сый жасайын деп жетіп бардым. Есік ашық жатыр, халық көп екен. Айбектің бес бөлмелі пәтері қызып алған, бір -бірімен сөйлесіп тұрған, билеп жүрген жастарға лық толы. Айбекті сұрап едім,бір қызбен болконда тұрғанын айтты. Міне саған тосын сый! Айбек пен Арай,жан досым мен қалыңдығым бірін-бірі аймалап өліп бара жатыр! Жүрегім шым етті. Мұндай сатқындыққа шыдамаған жан дүнием аласұрып,қалай сыртқа шығып кеткенімді білмеймін. Ызғырық желден өзіме-өзім келгендеймін. Менің ішуім керек. Мұндай ластықты арақ қана тазарта алады. Тазартпаса да ұмыттырары анық! Бірінші кездескен дәмханаға кіріп, Бахустың патшалығын аралауға кірістім.

Көзімді ауыруханада аштым. Үсіп қалыппын! Оң қолым шынтақтан төмен кесілген. Аяқтарымның башпайлары жоқ. Құлағымды білмеймін, өйткені сол жақ көзімнен басқасы бәрі де таңылған!Эх, өмір ай десеңші, осының бәрі бір шүйкебас үшін көп емес пе?! Мен оны тіпті сүймегенімді де түсіндім. Бірақ опасыздық жаныма қатты батты. Әсіресе жан досым деп есептеп жүрген Айбектің қылығы. «Адамдарды білген сайын иттерді жақсы көре бастадым»-деген екен бір данышпан.«Қыздардың бәрі жезөкше!»-деп бітірдім ойымды.

(жалғасы бар)

3