Жерді құтқару
блог
Сәби кезімде түсімде ылғи да ұшып жүретінмін. Кейде құсша, кейде қанатсыз...Жасөспірім шағымда анда -санда ғана ұшатын болдым...Бозбала болғанда ұшуды ұмыттым, түсім порнографиялық фильмдерден айнымай қалды...Жігіт болып жиырмадан асқанда түсімде құлайтынды шығардым. Бейне бір түпсіз терең шыңырауға құлап келе жатқандай... Түбіне жетпей шошып оянатынмын..
Қазір де зеңгір көкті шарықтап ұшып жүрмін. Түс екенін біліп жатсам да оянғым келмейді. Ұмытқан сезім,ұмытылған кезім.Балғын балалық шағым қайта оралғандай ,бойымды жеңілдік билеп сергек ояндым.«Мен осы қайда жатырмын?» Көзден бұл-бұл ұшқан ақ жамылғы ,қабырғаның жартысын алған терезеден төгілген аппақ нұрға бөленіп,тазалық пен балғындықтың иісі мұрынды жарады . Шынтақтан төмен кесілген шолақ қолым өз орынына орнай қалыпты! «Жанарым!»-деп шыңғырып жібердім.Маңайда айна көрінбейді қарайтын. Сипалап көріп едім орнында сияқты. «Түсінбедім, жұмақтамын ба мен?!»
Далаға шықтым. Неше түрлі мен атауын білмейтін өсімдіктер, алуан түрлі гүлдерімен,бас айналдыратын жұпар иістерімен көздің жауын алады! Ауланы аралап келе жатырмын . Құйқылжытып ән салған неше алуан құстар. «Жұмақ бақшасында емеспін бе мен?» Ойлап үлгергенімше аю мен жолбарыстың қосындысына ұқсайтын бір жыртқыш тап берді. Қашып үлгергенімше мені талай бастады. Соншалықты қуанған оң қолымды тістеп жұлып алғанда,есімнен танып кеттім.
(жалғасы бар)