Жерді құтқару
блог
Өмірдің өгей баласы.
1-бөлім
Қан қызыл болып күн де батып бара жатты.Ата-бабаларымыз мұндайды жаманшылыққа жорыған екен, мен шаңнан екенін білемін ғой. Бірақ ғасырдан-ғасырға ілесіп, санаға сіңіп қалған түйсік шошына қарады. "Қантөгіс болады «деп жорамалдар еді,менің орынымда аталарымыздың бірі болса...
Бүгінгі түннен аман қалар ма екенмін,мен бейшара?! Жылы жазды өткіздім,өйтіп-бүйтіп. Салқын күз келді,тіпті түнде аяздататынды шығарды. Кеше түнде қатып өліп қала жаздадым. Суықтан өлмесем де,ауырып арам қатарым қаһ! Тамаққа тәбетім жоқ, әйтпесе қазір адамдар мейірімді ғой,қалдық тамақтарын қоқыс жәшігіне тастамай полиэтилен дорбаға салып іліп қояды,біз сияқтыларға арнап. Ал суық мейірімсіз.Өмірдің өгей балалары,үйсіздерге тіпті қатал. Қан қақырып жүргеніме он күн болды. Бір түкірген қанды қақырықпен бір жылдық өмірім кетіп жатқандай,күннен -күнге әлсіреп барамын...
Адам өмірді қимайды екен. Менікі сияқты түкке тұрғысыз болса да. Әке-шешем есіме түседі, аға-қарындастарым. Бірге оқыған сыныптастарым. Оң қолым бүтін,екі көзім де көретін бақытты кезім...
Қалыңдығымның сатқындығы,туған-туыстарға мүгедек қалпыммен көрінгім келмеген намысым,қайғымды ұмыттырып, баспанамнан айырған қу арақ... Бұрын да достары жоқ жалғыз едім, қазір тіпті де жанға жуымайтын саяқ болып алдым.
Аяғымды сылбыр басып,сүйретіле,өзім қонып жүрген ескі үйдің жертөлесіне қарай келе жатырмын. Кенет төбемнен ызылдаған дауыс естілді. Масаның ызыңы сияқты. «Бұл не деген алып маса?» деп ойлап үлгергенімше аппақ сәуле төбемнем құйыла кетті.
(жалғасы бар)