Жерасты жолындағы қайыршы балақайлар

Жерасты жолындағы қайыршы балақайлар
жеке
блог

Жазғы демалыстан кейін ақбасты Алатаудың бөктерін жайлаған әсем Алматыны аңсай жетіп, Алматының жүрегін мекен еткен ҚазҰУ-анамызға сағына оралғанда, алдымен жерасты жолдан (подземный переход) алақанын жайып, қайыр тілеген балалар қарсы алады. Төрт мезгілде сызды, қараңғы жерді киелі мекен еткен ақуыз балапандардың бар білер ісі - өткен-кеткендерге ботадай көздерін жәудіретіп нәпақа тілеу. Жаз мезгілін қойыңызшы, қыстың ақ қар, көк мұзында, долы жел бүрке соққан жерде дірдек қағып жүгіріп жүргені. Онысы аздай иттің қарғы бауындай мойнына аспалы қорап жасатып алыпты бір күні. Қалай ғана жүрегің аурымасын бұны көріп.... Өмірде расында жүрек шаншытарлық жайттар қаншама. Көзін тырнап ашпай жатып, өмірдің таяғы арқасынан осқан баланың болашақ тағдыры қалай болмақ? Балаларын нан табу көзіне айналдырған ата-аналар кінәлі ме, әлде?!.....