Бүгінде университетте, 2 курста оқимын. Мамандығым-журналист. Кей жағдайларда болмаса көбіне арнайы тақырыпқа емес, ойымдағыны қарапайым ғана тілмен жазғым келеді. Оның үстіне алғашқы кездегідей қолыма көп қалам алмаймын да. Корпуста жанарында от жанып, ойын өлең етіп жазайын деп тұрған бірінші курс студенттерін көріп өзімнен өткен бір оқиға есіме түсті. Осы мамандыққа келмес бұрын түрлі олимпиада, сайыстарға қатысып жүрдім. Арман шіркін, шек білмейді ғой.Тура қаламмен әлемді қырып, қағазда дүниенің шындығын жазамын деп алып-ұшып жүрген кезім)). Мектеп бітірер жылы пән олимпиадасына қатыстым, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен. Бірінші кезеңде 50-ден 47 ұпай алып алғашқылардың қатарында болғам. Екінші кезеңді қорытындымен бірге бірден марапаттауда айтамыз деді. Үміт соңынан өледі дейді ғой, әрбір хабарлаған марапатқа жалтаңдап қарап отырмыз. Айтпақшы гран-при СДУ грант иегері атанатын. Сомен, айтулы сәт, бас жүлде.. Түлкібас ауданы.. (менің мекенім) деп келіп басқа мектеп түлегін атамасы бар ма. Көңілім су сепкендей басылды. Біраз уақыт ренжігенім бар.. Уақыт өтті.. Есейдік пе әлде басқа ма бүгінде ондайға аса мән бермеймін.
Ең қызығы, бір жігіт менің осыдан алдыңғы жазбаларымның біріне коммент қалдырыпты.. Аты таныс деп қарасам, түрі де таныс, тіпті, ауданымыз бір. Міне қызық, сол олимпиадада бірге қатысқан бас жүлде иегері. Ол да журналист сияқты. Жазбалары да жақсы екен.
.....Жер дөңгелек деп осыны айт..