Анам екеуіміз шарбақта көшет түптеп, шөбін жұлып жүргенбіз. Әңгіме арасында: екен көшетке уақытылы су құймаса қурап қалады. Ал, арам шөптер су көп тимесе де өзі өседі. Бұларды жер ананың өзі баптайды деген. Мұны кітаптан оқыды ма? Әлде естегіні ме?..
Шынында да ойлап қарасам, еккен көшетімізді дұрыс күтпегендіктен кейбіреуі қурап, солып қалды. Мұсылман үшін ағаш егу де парыз ғой деп, екі жыл бұрын жеміс ағашын отырғыздым, бірақ өкінішке орай қурап кетті. Мүмкін дұрыс екпегенім болар... Біз еккен көшет болсын, жеміс ағаштары болсын жалпы біз отырғызған егін түрінің бәрі жер ананың өгей ұлдары екен. Біз баптасақ жапырағы жайқалып өседі екен. Ал, жәй ғана арам шөптерге арнайы су құймасақ та өсіп, өнеді. Тіптен, шарбақтағы көшет арасындағы арам шөпті жұлып тастасақта, көшетпен бірдей боп қайта өседі. Бұлар көктемде қатты күн күркіреп, жауын жауғаннан нәр алса керек. Күшті жауынның ертеңінде айналаға бояу тигендей жасыл боп тұрады.