Жеңістің жаршысы

Жеңістің жаршысы
жеке
блог

“Жеңістің жаршысы”

    Ақпарат ағынының тасқындап тұрған шағында журналистика саласының орны айрықша. Оның ішінде спорт журналистикасының орны тіптен бөлек. Спорт - ол сиқыр. Сиқырға толы әлемде жеңістің жаршысы болу ол үлкен мәртебе. Спорт журналистикасында өзінің орнын тарихқа алтын әріптермен жазған, Казспорт арнасының тәжірибелі редакторы Телжан Күдеров ағамызды халық “жеңістің жаршысы” ретінде таниды. Әр нәрсенің шыңына шығу үшін тек қана өз ісіңді сүю керексің, басқа ешнәрсе керек емес деген Телжан ағамыздың сөзінің жаны бар. Оған дәлел ретінде өзінің еңбек жолын атап өтсек болады. Ол кісі еңбек жолын спорт саласынан бастап, әлі күнге шейін сол сиқырға толы саланың ақпаратын қалың көрерменге таратып келеді. Осы сәтте тұрақтылық жетістікке жеткізетін ең тиімді әдіс деген ойға да келесің. Өз ісіңнің үздігі болу үшін тек қана мамандығыңды сүю керек.

    Болашақ спорт журналиситері болғандықтан да, алдыңғы буын ағаларымыздан жол сұрағанымыз дұрыс. Сондай мақсатта, сол кісінің жолын берсін деген ниетте Телжан Күдеров ағамызбен кездесу ұйымдастырдық. Есіктен кіріп келген сәттен қарапайымдылығы көзге ұрды. Көпке сыйлы болуына да әсер еткен сол қарапайымдылығы да шығар.
    Бірінші болып, өзінің оқыған оқу ордасын, сол жерде білім берген ұстаздарын, еңбек жолын баян етті. Ұстазы Амангелді Сейітхан жайлы да сөз қозғады. Өздеріңіз білетіндей марқұм Аман ағаның футбол десе ішкен асын жерге қоятынын сіздер жақсы білесіздер. Комментаторлық қызметі де көпке аян. Бір қызығы, Тельжан ағамызды ұстазы Амангелді Сейітхан қаншама рет футболға тартқанымен, беделді журналист ол спорт түріне бармапты. Өйткені футболға бармаймын деген принципті ұстанып, жанына жақын спорт түрлерін серік ете білген. Негізі болашақ спорт журналистеріне солай қалыптасу керек екенін де ескертті.
    Телжан Күдеров өз еңбек жолында 200 ден аса халықаралық жарыстардың, 8 универсиада, 5 олимпиада ойындарының, 150 ден аса әлем чемпионатының куәсі болып, дүниежүзінің 23 мемлекетін өз көзімен көріп қайтқан тәжірибелі журналист.
    Кездесуде біздің Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының “Спорт журналистикасы” тобының 2 курс студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, ескеретін дүниелерді айта кетті.
   - Спорт журналисінің ең басты міндеті – қаншама қиындықтар болса да жаңалықты бірінші эфирге беріп жіберу, бірінші көрсетіп көрерменге жеткізу, халықтан сүйінші сұрау. Спорт журналистикасын таңдағандар көбі қиналады. Спорт журналистикасында жазу қиын деп. Спортшылармен ең бастысы тіл табыса білу керек - деді спорт журналисі.

    Журналистің ең басты жұмысы сұхбат алу. Сол сұхбат сәтті шығу үшін қандай әрекет жасаған жөн ?
     - Спортшыларда мынандай нәрсе бар. Кілемнің шетіне немесе рингтің шетіне шыққанда сен оны ұстап алмасаң кейін кетіп қалады. Одан соң айналып қайтадан келгенде ана жердегі айтатын толқынысын жөнді жеткізбейді. Олар көп сөйлей алмайды. Сонда да өзінің ойын, қуанышын ана суып қайтіп келгеннен кейін екінші мәрте алсаң сасқалақтап, дірілдеп, ойланып, ағайларына рақметін айтып ойдағыдай сұхбат бере алмайды. Сондықтан да сол тері ағып, ентігіп тұрған сәтте алған сұхбат сәтті шығады.

  - Кей жағдайда спортшының орнын шатастырып алып жатады. Қас қағым сәт медальдан айырады. Қысқы спорт түрлерінде көп кездеседі. Жеңімпазды кейде стопкадр арқылы анықтап жатады. Кейде спорт журналистерінен де мықты білетін көзіқырақты үйде отырған азаматтар, спорттың фанаты, бүге-шүгесіне дейін, түбіне дейін білетіндер болады. Солар кейде айтады, ой бұлар білмейді екен, оның үстіне спортшылар да сол спорт түрінен хабарың жоқ екенін білетінін болса оларда сұхбат бергісі келмейді.
    Шыны керек, соқ деді соқтым. Ағайым айтты. Бар тәсілді орындап шықтым. Жеңіске жету керек болды жеттім дейді. Болды. Ол кезде ей сен тактикалық тұрғыда 3 кездесуде бүйтіп едің ғой, 4 кездесуде бүйтіп едің ғой деп қарап біліп отырсаң, саған оп-оңай да ол кезде олар ашыла бастайды. Сосын өздері де ашылып айта кетеді.

    Спорт журналисінің бойында болу керек 3 қасиет?
   - Толыққанды білмесеңде негізгі алғышарттарын, сол спорт түрінің білуің керек және де сол спорт түрімен айналысатын алдыңғы буын ағалар, ортаңғы буын ағалар, кейінгі келе жатқан ізбасарды толығымен зерттеп, білгендеріңіз дұрыс. Өйткені олар бірін-бірі алмастырып тұрады. Бір-бірімен кездесіп тұрады. Одан кейін менің бәріне айтатыным спорт журналисі міндетті түрде жарысты барып көзбен көру керек. Үйде отырып алып жарыс жазуға болмайды. Өйткені ол жердегі эмоция, ол жердегі нәтиже бөлек. Сол жарыстың атмосферасын сезінбей, сол спортшымен сол жерде сұхбаттаспай халыққа бірдеме жеткізу дұрыс емес деп есептеймін. Одан кейін, қандайда деңгейлі жарыс болса да ауыл, аудан деп бөлмеу керек. Өйткені жарыстың бәрі сайыс. Бұл жерде барлық жерде бәсекелестік бар. Мүмкіндігінше чемпионаттарға міндетті түрде бару керек. Ел чемпионаттарына, ересек, жастар арасындағы осы чемпионаттарға бару керек.

  Сіз қатысқан олимпиадалардың ішіндегі ең есте қаларлығы және ол қандай ерекшелігімен есіңізде қалды ?

    - Сол олимпиадалардың ішінде Денис Тен мен Данияр Елеусіновтың қол жеткізген нәтижелері ерекше.” Мәселен, Даниярдың Рио-Де-Жанейрода өткен олимпиада да жартылай финалда алған қауіпті жарақатымен финалда өнер көрсетуі. Даниярдың сол жарыста қабағы жарылып кеткенін білесіздер. Ал ол қабақ тігуге келмейді. Тек желіммен жабыстыруға тура келген. Егер ол жерге соққы тиіп, қан көп мөлшерде шығып кетсе, өміріне біржола қауіпі бар еді. Ол финалда өзіне көп соққы дарытпай, асқан шеберлікпен, жау жүректілігімен жеңіске жетті. Ал Дениске келер болсақ, оның Сочи олимпиядасындағы қазақ қоржынын құр қайтармай, қола жүлдеге ие болғандағы әсерді айтар едім.

    Токио олимпиадасын алсақ та, басқасын айтсақ та соңғы жылдары қазақ спортшылары әлемдік жарыстарда атой салып, ауыз толтырып айтатындай нәтижеге қол жеткізе алмауда. Бұны сіз қалай түсінесіз ?
   - Мен байқаймын спортшылар қазір еркелеп кеткен. Өйткені олар қаншама жерден стипендия алады. Арнайы контрактілері бар. Олар контрактілері тоқтамас үшін ел чемпионатына барады да чемпион боп алады да жайбірақат жүреді.
Сосын спортта аға-көкесі деген тағы бар. Осылардан да бөлек бірнеше факторлар бар. Бірақ негізгісі осылар.

   Дүниежүзін шарлап жүрген спорт журналисі қанша тіл білетіні бізге қызық. Жалпы неше тіл білесіз?

  - Менде мүмкіндік болған жоқ ағылшын тілін білуге. Бірақ енді біздің спорт саласында соншалықты ағылшын тілі қатты керек емес да. Өйткені ол жерде өзіңнің спортшыңды білесің. Қандай нәтиже алғанын бәрі шығып тұрады. Ал енді әлемдік деңгейдегі спортшылардан сұхбат алғың келсе, қаланы аралап, адамдармен араласқың келсе онда білуің керек. Біз енді ұлттық құрамамен бірге барамыз. Сені күтіп алып, орналастырады. Арнайы жаныңа тілмәш береді. Сонан кейін жарыспен екі ортада арнайы автобус жүріп тұрады. Ешқандай қажеттілік болмағандықтан мен енді ол тілдің соншалықты керек деп айта алмаймын. Өйткені протоколдың барлығы ағылшынша, өзіңнің фамилияңды тауып аласың да нәтижеңді көресің болды. Ол жерде сен жарысты көзбен көресің.

    Біздің қазақ спорт журналистерімен шетелдік спорт журналистерінің айырмашылығы қандай? Олардың қандай жақсы жағын алсақ болады?

     - Шетелдік журналистермен көп аралысып көргенім жоқ. Өзбек, қырғыз журналистері бар. Олар бізге қызыға да қызғана да қарайды. Біздің мүмкіндіктерімізге, халықтың дамығанына қызыға қарайды. Қандай керемет, барлық спортшыларға мүмкіндік жасалған, бізде ондай жасалмаған деп. Ал енді олармен біздің журналистердің айырмашылығы жоқ. Бір жағдайда қарап тұрсаң, біздің бір журналист бір олимпиядаға барғаннан кейін екінші олимпиядаға бара алмай қалып жатады. Ал енді шетелдіктерді қарасаң, сол жарыста көрген журналисің, екінші мәрте басқа жарыста келіп жатады. Сол жағынан ойлаймын, олар тәжірибе мол жинақтайды. Себебі сен барған сайын тәжірибе мол жинақтайсың да. Сол жағдайда шетелдік журналистердің тәжірибесі молырақ. Ал енді бізде, бастықтардың тамыр-танысы, бір жолы ана журналист бару керек, бәрі көрсін деген ниетпен де жіберіп жатады. Басшылар өзіне таныс журналистерді апарғанды жөн көреді. Себебі сенетін, білетін адамдарын жібергісі келеді. Былайша айтқанда олар да журналсит, олардың да жегені жантақ, олар да біз сияқты ақпарат береді. Өз басым шетелдің журналисі керемет бір ақпарат берді деп айта алмаймын. Енді оларды да не беріп жатыр екен деп қарағанымызда, алып кетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Біз сияқты жеңді, қатысты, осынша мемлекет қатысты деген бірдей ақпарат. Соларда көбірек жарысты көзбен көру деген принцип бар. Одан кейін еуропалақ журналистер олипиядаға қатысқан 2,3 рет олимпиядаға қатысып чемпион атанғандарынан ғана сұхбат алады. Біз секілді жапа-тармағай ала бермейді. Біз енді әр қатысушыдан сұхбат аламыз ғой. Өйткені ертең ақтап алу керек. 45 спортшы қатысып 45-інші орын алса да. Жалпы мынандай нәрсе бар. Пьер де Кубертон “олимпияданың мақсаты жетістікке жету емес, қатысу” деген. Біз көп жағдайда соған сүйенеміз. Бірақ енді қаншама қаржы кеткеннен кейін біттей бір медаль алса, халық қуанады.

   Қорытындылай келе, ақпарат жаршысы ақпаратты қайдан алады, қандай сайтты оқиды?
     - Мен енді көбіне “express.com” сайтын оқимын. Көбіне ресейлік сайттармен шектелемін. Өйткені мен қызығатын спорт түрлерінің жаңалықтары сол жерде бірінші болып шығып тұрады. Сосын Әзірбайжанда Заки деген досым бар. Имформбюросы Әзірбайжанның. Сол жіберіп тұрады.

   Сұхбатымызды аяқтай келе, қазақта “көпті білгеннен емес көпті көргеннен сұра” деген. Бар білгенін біздей жас спорт журналистеріне айтып, қанаттандырған Телжан Күдеров ағамызға алғыс айтамыз.
     Алдағы уақытта тәжірибемізді ұштастырып, Қазақ спорт журналистикасының абыройын көтеріп, деңгейінің жоғарылауына ат салысамыз деген ниеттеміз. Арқадан қағар ағаларымыз бар да, біздей жастар алға қарай самғайтыны сөзсіз.

 

Ернұр ДҮЙСЕНҒАЗЫ

ЕҰУ “Спорт журналистикасы”

2 курс студенті