Біссіміллә!
Міне сұм соғыстың аяқталғанына 67 жыл!!! Йә уақыт зымырап жатыр. Ата-бабаларымыз жігерін ту қылып, біз үшін,келешек пен болашақ үшін қасық қаны қалғанша күресті. Қара шаңырақ пен қара қазанның қамы үшін ат үстінде күнді батырып, таңды аттырды.Тіпті жарғақ құлағы жастыққа тимей, тақымындағы тер кеппеген сәттер көп болды. Бәрі біз үшін, ал біз олар үшін не істей аламыз?! Әрине аманатқа қиянат жасамай бізге қалған ел мен жерге ие болып, көк байрағымызды мәңгі желбірету. Яғни тарихтан сабақ алып, болашаққа бой түзеу!!!
Жеңіс күні құтты болсын ардагер аталар мен әжелер!!!