Жеңісті футбол ма, әлде жемісті футбол ма?

Жеңісті футбол ма, әлде жемісті футбол ма?
жеке
блог

Адамдар кішігірім этностармен топтардан адамзат дәуіріне өтіп, жаһандану байрағының астына жиналғалы бері осы үлкен қоғамның мүшелерін біріктіретін ортақ әуестер азайды. Солардың арасында миллиондар ойыны атанған футболдың адамдарды бірлікке баулудағы орны күмәнсіз. Футболдың әлемге деген үлесі зор. Ағылшын халқы ойлап тапқан ойын дененің физикалық бабын және көңіл-күйді котеру үшін ғана емес, халықтарды біріктіру мен экономикалық даму құралы ретінде де қолдынылуда. Кең тараған спорттағы халықаралық жетістіктері сол елді жақсы жығынан көрсетеді. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан тарихында отандық ұжымның бүкіл әлемге танылған Чемпиондар Лигасынының топтық кезеңіне өтуі барша халықтын көңілін толтырғаны анық. Алайда, бұл жетістік қазақ футболының шын келбетінің көрінісі ме?  

Футболдың дамуының шарты жеңіс емес, футболдың мемлекеттегі нағыз дамуы жас-өспірімдер деңгейінде спортты қолдауы және қарапайым халықтың футболға қызығушылығымен сипатталады. Осы мақаламда  мен қазақстандық футболдың аталған шарттарға сәйкестіктерін қарастырып, еліміздегі миллиондар ойынының шын келбетін анықтауға тырысамын.

Халықтың футболға қызығушылығы

Футболдың осындай кең таралған себептерінің бірі – өзіне біршама адамның жинауы. Қазіргі заманда футбол 22 доп қуған адамның ойыны емес, барша халықтың ойыны. Сол себепті әрбір чемпионаттың дамуының негізгі факторларының бірі – халықтың стадионға келуі. Қазақстандағы осы саланың дамуын салыстыра отырып қарайық. Салыстыруға ел тандау барысында келесі критериялар қолданылды: ауа-райынын футболға қолайсыздығы, халық санының аздығы, қаржы мәселесіндегі теңдік, және де бір футбол қауымдастығында болуы, яғни еуропалық. Осы критерияларға толықтай сай келетін ел – Норвегия. Норвегияның қатал ауа-райы бәрімізге мәлім. 5,109,059 адам қоныстанған викингтер елінде халық саны Қазақстанға қарағанда үш еседен де кем. Норвегия футбол лигасының ойыншыларының орташа айлығы 8 900 евро болса, қазақстандық әріптестері орташа 9 200 евро. Осы ақпараттарды қолдана отырып Новегия еліне таңдауым түсті. Соңғы жылдың халықтың футбол тамашалауға келетін санын саластыратын болсақ, Норвегия лигасында орташа бір ойынға 6 961 адам жиналса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 3 893 адамда тоқталды. Тағы да тоқталып кететін бір жайт – футболға қызыққан халықтың санының жылдан жылға өспеуі. Соңғы үш жылдың көрсеткіштері келесідей 4 427,  4 181, және де 3 893 адам 2012, 2013, 2014 жылдары үшін. Ұсынылған статистикадан біз не түсіне аламыз, көбіне аз адам жиналуының себебі деп аталатын мәселелерге негізделіп қарағанның өзінде Қазақстан футболының халық арасындағы абыройы мәз емес. Оған қоса, отанымыздың футболы күрт дамуда деп қалай тұжырымдай аламыз, егер де стадиондағы адамдар саны көбеймек түгіл кемуде болса?

Жас-өспірімдер деңгейінде спортты қолдауы

Қандай сала болмасын, ұстаздан шәкірт озар деген ниетпен өз артынын жас маман тәрбиелеу саланың негізі болып табылыды. Әрине, бұл футбол саласына да сай. Еуромаусымның тұсаукесерінде «Астананың» «Бенфикаға» қарсы ойыны жеңіліске қарамастан мамандардың көпшілігімен жақсы деңгейге сай деп танылған болатын. Алайда, Астананың жас-өспірімдері Бенфикадағы құрдастарынан жауапсыз сегіз гол жіберуі жас-өспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасының анти-рекорды болып танылды. Елдегі футбол деңгейінің нағыз көрсеткіші осы жастардың ойыны. Оған себеп сыртқы факторлардың (тым артық ақша құйылуы, халықтың қысымы) әсер етпеуі. Осыдан Астанананың намысты қолдан бермейтін ойыны мен сол ұжымның жастарының осындай ұят ойыны қалай бірге жүреді деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың жауабын түгел Қазақстан жас-өспірім футбол жүйесінен іздейік. Біріншіден, қазіргі жас-өспірімдер арасындағы біріншілік жүйесіндегі  кемшіліктердің орнауы. Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде жасөспірім командалар тұрақты түрде жиі ойындар өткізіп тұрады. Қазақстанда жасөспірімдер жағдайы толықтай керісінше, командалар жылына төрт рет қана жиналып барлық ойындарды өткізіп тастайды. Екіншіден, премьер лига ұжымдарының академияларының тапшылығы. Қазақстан бойынша академия Қайратта ғана бар, оның өзі салынуда. Төрт айда бір рет қана еске түсіп тұратын жастардың болашақта жақсы деңгейдегі футболшы болуынының ықтималдықтығы қанша?

Жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, Қазақстандық клубтардың жеңістері халықтың мерейін асқақтатып, бірлігімізді биік шыңдарға жетелей білді. Осыған қарамастан, Қазақстанда миллиондар ойының көпшіліктің әуесіне айналып, Алаштың әнұраны әлемдік ареналарда шырқалатын күндерге жету әлі де талымсыз еңбек талап етеді. Ел басындағы ағаларамыздан бастап даладағы бозбалаларға дейін осынау үлкен ойынға деген назарларын аударып, Қазақстан әлі де футбол тарихына өз ізін қалдырады деген үмітім зор.