"Женсоветте" жауапсыз қалған сауал

"Женсоветте"  жауапсыз қалған сауал
жеке
блог

Жақында бір досым қарындасын ұзатпақшы. Қалыңдықтың жасы 25-те. Еркетотай. Осы кезге дейін шәй ішкен кесесін жуып көрмеген.

4 жеңгесі мен  60-тан асқан анасын отырғызып-тұрғызатын ол  өмір бойы сөйтер ме еді, кім білсін? Бірақ, әлгі қыз  бұйырса, жуырда  аюдай ақырған енеге (тағдырдың тәлкегін қарасаңызшы?)  келін болмақ. «Сымсыз телефондар»  құдағидың  өз ортасында «Гестапо» аталып кеткенін, шаң-тозаңнан  түшкіріп-пысқыра бастайтын  тым  тазайын адам екенін жеткізіп үлгерді.  Басқа да зәреңді алатын «ақпаратттар» аз емес. Содан бері  қалыңдықта да, анасында да маза жоқ.  Алғашында  «Обалы жоқ» деп қалғандарымен жеңгелері де тықырши бастады. Себебі, қалыңдық "қарбыз жұтып қойған". Яғни, жас шаңырақ жарасып кетпесе, (беті әрмен!) жеңгелерінің бұрынғы күндеріне зар болып қалатын сыңайы бар.

Әйел атаулының қулығына құрық бойламайды емес пе? Тойдың күні жақындаған сайын әрнәрсені сылтауратқан қыздың жеңгесі біздерді жиі-жиі шәйға шақыратын болып алды. Ондағы ойы- «между нами, девочками» айтылған  әңгіменің тым құрыса бірін қайынсіңілсінің құлағында қалдыру.  Қысқасы, той болатын үйде апта сайын  «женсовет».

  Сондай отырыстардың бірінде  «Ененің бәрі сол. Оларды үндемей ғана жеңуге болады» дейді бір келіншек. «Күйеуіңнің тілін тапсаң, алынбайтын қамал жоқ» дейді екіншісі. "Өмір өзі-ақ үйретеді" деймін мен білгішсініп кететін әдетіме басып.   

   «Вы знаете, меня на самом деле интересует только один вопрос»  демесі бар ма бір кезде «шәкіртіміздің». «Будут ли измены после свадьбы?»  Мұндай сұрақты өзгені қайдам, өз басым күтпеген едім. Манағы шуыл сап тыйылып, үй ішінде бір сәтке үнсіздік орнады. Күйеуі  реті келгенде «Жена-хлеб, иногда хочется булочку»  деп әзілдейтін ана бір келіншек тіпті тілін жұтып қойғандай.  «Жоқ!»  деп кесіп тастайын десең, күйеуіміз келбетcіз  жігіт емес еді... Білдірмей, бүлдірмей «тірлік қылып» қоя ма деген күдік те басын қылтитып қояды. Негізі, таңдап тигеніңе  жан  жуымай қойса, ол да «біртүрлі» ғой... 

Не басыңызды қатырайын, қалыңдығымызды  қатты ойландырған сауал сол жолы жауапсыз қалды. Біз сияқты «ходячая энциклопедияларға»  «білмеймін» деген ұят қой! Сондықтан, тағы да әйелдік қулыққа салып, әңгіменің  соңын қалжыңға айналдырып жібердік.