Жеңіс құтты болсын!!!

Қуанып жатырмыз, сүйіншілеп жатырмыз, шаттанып жатырмыз...

Әрине осыған арзитын іс болды. Күні кеше ғана құлауы тенгеге теңелген Денис Тен айды аспаннан бірақ шығарып 9-шы сатыдан қола жүлдеге бірақ секірді. Басталуында мәз мейрам болып ақ Олимпиадаға үкілеп қосқан саңылақтарымыз ең болмағанда үш жүлде алатынына сенсек те, бірінің соңын бірі ала жарыс жолынан шығып жатқан сортшыларымызды көріп біраз әбіржігенімізде жасырын емес. Десек те үмітті үзіп барып жалғаған Денистің бұл ерлігі батырлық десекте болады. Мәнерлеп сырғанаушымыздың бұл қоласы оның ғана емес, бүкіл қазақ елінің Сочидегі алғашқы жүлдесі. Сенген едік, сенім ақталды. Дегенмен Тенмен қатар құлаған тенгеміздің мұндай ерлік көрсете алмасы анық... .

         Маңдайында бағы бар екен, жарыс қожайыны саналатын ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада чемпионы Евгений Плющенконың жарақатына байланысты жарысқа қатынаспауыда Денистің жүлдеге ілігуіне ықпал етті.

         Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сынға түскен жерлесіміз Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 84.06 ұпай жинап, 9-шы орынға тұрақтады. еркін бағдарлама сайысында  қысқа бағдарлама ұпайымен қоса есептегенде жерлесіміз үшінші орынға тұрақтады. Ол барлығы 255.10 ұпай жинады.

Небәрі он жеті жасында Ванкувер Олимпиадасында 11-орыннан көрінуі, Сочи Олимпиадасының қола алқасын тағынуы, Корей елінің азаттығы үшін күрескен генерал Мин Гын Хоның шөпшегі болған Денистің баба «ерлігін» қайталауыда қанына тартқандығы болса керек бәлкім...!!!

Ерлікке жеткен ерлерді ұлықтау біздің қанымызда бар. Жас спортшымыздың ерлігі ескерусіз қалмайды, әлден ақ еңбегіне жараса 75000 АҚШ доллоры дайын тұр. Бұл дегені біздің «құлағыш» ақшаға теңегенде қомақты сыйлық.

Жеңіс құтты болсын!!!



Бөлісу: