Жеңіс күні

«Соғыс» деген сөздің өзі қаншама қасіретке, жалын- мұңға толы. Алайда, сол сұрапыл соғыстың астарында жүрегіңді жылытатын, көңіліңді қуантатын бір хабардың бүгінгі күнге дейін елеулі мереке ретінде тойланатыны хақ! Ол әрине, 9-мамыр Жеңіс күні!

Қаншама жастарымыздың қаны төгіліп, аналарымыңыздың көз жасына қалған кезең еді бұл! Жауыз адамдардың қаны қозып, бейкүнә жандардың жазаға тартылған уақыты еді бұл! Тыныш өмірдің шамы сөніп, тозақ отының алауы өршіген заман еді бұл! Жүректен жылу кетіп, көңілге қаяу түсірген соғыс заманында «жауынгерлер», бүгінгі «қаһармандар» қан- төгіс майданға бір ғана мақсатпен аттанған, ол ертеңгі болашақ үшін, бейбіт ғұмыр үшін, ұлы жеңіс үшін! Олар мына біздер үшін басын қатерге тіккен жандар! Олардың ерліктерін мүмкін ешкім де қайталай алмас. Мына бейбіт өмір сол жандардың, соғыс ардагерлерінің арқасында. Оларға қанша құрмет жасаса да артық болмас!

Жеңіс күні әр жыл сайын тойланып келеді. Саябақта әндер айтылып, тамаша концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады, дәмі тіл үйіретін тағамың да, атракционың да, биің де, күйің де бар ол жерде. Алайда, жүрегі сыздап, бір батальонда қызмет еткен, бір нанды бөлісіп жеген достарын сағынады кейбіреулер. Біздер шаттанып, қуанып жүреміз бұл мерекеде. Жо- жоқ, мен қуанбау керек, тойламауымыз керек деп тұрғаным жоқ. Тек, бұл мереке біздің емес, саны аз қалған, бізге осы тәуелсіз өмірді сыйлаған ардагерлеріміздің мерекесі! Өздерінің қалған қысқа ғұмырында жасаған еңбектеріне сай құрмет- қошеметке бөлендіріуіміз қажет! Бүгінгі күнге дейін бір баспанаға қол жеткізе алмаған ардагерлеріміз қаншама! Баспана кілтін ұсынбасақ та, жүрекке жылу ұялатар жақсылық жасау қолымыздан келер?! Не деседе, олардың ерлігіне 100 баспана кілтін ұсынса да тең келмес. Осыншама қысқа мақалада бір ой түйсеңіз менің міндетім орындалды деген сөз. Жақсылық жасауды үйренейік, жаны жайсандар!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!



Бөлісу: