"Жеңілдік" сөзінің адам миына әсері
блог
Жалпы сөз бүгінгі Мегадағы жеңілдік түніне байланысты болғалы тұр. Қазір ғана сол жерден келдім. Адам қырғын. Кептеліс. Асып бара жатқан жеңілдіктер де болмады. Алайда өзім іштей түйген тұжырымым: әшейінде ұнамайтын заттың өзі жеңілдік кездері әдемі болып кететіндей. Жан-жақтағы талаумен қосылып, өзің бір нәрседен құр қалып қоятындайсың:)
Алайда "тойға барсаң тойып бар" дегендей, бұған дейін-ақ "затқа" тойып алғам, сондықтан осы жолы тек көздері оттай, арпалысқан адамдарға қарап, қызықтаумен болдым. Меніңше мұндай кезде әр адамның ағзасында "тобыр инстинкті" ойнап, басқа жұрт талап, сатып алып жатқан соң өзің де қалысқың келмей, әйтеуір бір ұнамаса да, бір мыжылған сумканы ұстап тұрасың.
Қарапайым тыныш күні мүлде көзіңнің қиығын да салмайтын көйлектерің мұндай да жайнап кетеді. Жеңілдіктердің әсері осындай.
Құмырсақадай болған жұрттың ішінде қайта-қайта естілген сөздердің рейтингісін құрап қояйын өзімше:)
1) Ужас! (бұл енді кіріп жатқандардың сөзі)
2) Мә-ә ана жақты қара! (аузы мұрнына тірелген Зара, Манго сияқты бутиктердегі халықты көргенде)
3) Осторожно! (әрине адам көп жиналған жерде бұл сөзсіз болмайды)
4) Бекер келдік! (мұны көбінесе ер адамдардан естідім)
және де ең күштісі:
5) Барахолкам жақсы екен ғой, оданша! :))
сурет http://dazzling.yvision.kz/ мына жерден алынды, өткен жылғы жеңілдіктер түні, осы жолы да дәл сондай.