Жеңіл өмір сүр!
Өз өмірімізді өзімізден басқа ешкім құра да сүре де алмайды. Ал сол өмірімізді ойлағанымыздай өмір сүре аламызба? Өзімізді таба алдықпа?
Өзіңді табу, жақсы өмір сүру бұл біздің осы ғаламдағы жеткен үлкен жетістігіміз.Күнімізге қалай жоспар құрып, оны орындағандай, өмірімізге де үлкен жоспар құрып орындауға тырысайық. Әрине, жақсылықта, жамандықта айтып келмейді. Сол үшін осы уақытпен өмір сүруіміз қажет екені белгілі. Дегенмен, болашақтан да сәл де болсын күдерімізді үзбей, жоспар құрып көрейік. Мүмкін арман мақсатымыз орындалып қалар. Ал енді тақырыпқа оралсақ, жеңіл өмір сүр. Ол қалай? Қалай жеңіл өмір сүреміз? Менің ойымша, бұл тіптен оңай. Тек әрбір нәрсені қиындатпай, ушықтырмай шешіп көрсек болғаны. Аллах тағала, қиыншылықпен бірге адамға оның шешімін бірге қосып жібереді екен. Тек қана сол шешімді табуымыз керек.Өміріңді жақсы сүруге болатын бірнеше мысал айта кетсем.
Әр таңыңа, әр күніңе шүкіршілікпен қарау. Себебі, тұратын үйге, тамаққа тіпті ата анаға жарымай жүрген жандар қаншама. Екіншіден, таңертең ұйықыдан тұрғанда мен арманыма жетемін, мақсатым айқын, білімімді толықтырамын, мен тым жақсы өмір сүрудемін және оны өзім ғана өзгертіп, өзім ғана құра аламын деп өз өзіңе мотивация бере алу. Бұл бүкіл күніңнің жақсы өтуіне себепші болады.
Қорытындылай келсек, адам баласының тағдыры, қалай өмірді сүретіні тек өзінің қолында. Оны қиындатпай, керісінше әрбір сәттен қуаныш алып,қуана өмір сүр!