Сәлем, Массагет! Әдеттегідей қызықтарыммен бөлісе отырайын. Осындағы жұрт кеше мегаға барып, қарқ болғанымды білер) Жоспарымда бүгін де сол жаққа бару ойы болған. Бұл жолы қазақстандық жас дизайнерлердің "блошиный рынок" типіндегі көрме, сатылымын тамашалу үшін. Алайда бұл жоспарым іске аспай қалды. Неге екеніне кейінірек тоқталайын.
Жалпы осы аптаны өте жемісті апта десем болады. Өйткені біздің көп еңбек жасалынған "Кітапханалар" сериямыз басталды. Мұнда біз апта сайын қаламыздың бір кітапханасына шолу жасап, пайдалы ақпараттармен бөлісеміз.
Бұл жобаның жасалуы да қызық болды. Дәл Алматыда қақаған аяз басталғанда, Айнұр екеуіміз күн сайын бір-екі кітапхананы аралап жүрдік:) Соңына таман іс-әрекеттеріміздің автоматтанғаны соншалықты, екеуіміз "люди в черном" сияқты тез-тез, ақылдаспастан, өз ісімізді нақты да шапшаң атқаратын болдық.
Алдымен кітапханаға кіре салысымен, вахтерге шаруамызды айтамыз, ол өз әкімшілігіне бағыттайды, онда директорына жайымызды баяндаймыз, өз кезегінде ол қасымызға бір қызметкерді қосып береді, сөйтіп акиматтан келген комиссия сияқты Айнұр екеуіміз кітапхананың тесік-тесігіне дейін зерттей басатаймыз:)
Басында қызметкерлер аса қызығушылық танытпай, шаршап көрсете бастайды, кейін біздің фотоаппаратқа әр нәрсені түсіре бастағанымызды көріп, олар да процесске қосылады. Кейін қызыққаны сонша, әр полкасына дейін апарып, "ананы түсір, мынаны түсір" деп қызып кетеді.
Мен үшін бұл да бір қызық тәжірибе болды. Неше түрлі адамдармен, бастықтармен сөйлесесің. Оларға жеке бір алғыс, беттері қызарып кеткен екі қыздың сөзіне құлақ асып, көмектескендеріне:)
Айтпақшы бізге ұқсас жобаны Бритиш Консул да ұйымдастырыпты, олардыкі тек қаламыздың мұражайлары жайлы.
Біле білсеңіздер, қала әкімшілігі 2012 жылды Алматы қаласының "Мәдениет" жылы деп белгіледі. Сондықтан осындай шаралар кеңінен ұйымдастырылып жатыр. Біздің "екпІн"-нің де осы жылы ашылғаны бекер емес деп қояйын:)
Сонымен бүгін мегаға бара алмай қалғанымды да айтайын. Егер "екпІн"-ді үзбей оқып жүрсеңіз, "Рахмет, Анашым" атты әлеуметтік роликті көрген боларсыз. Міне, бүгін соның режиссері Сәкен Жолдаспен таныстым. Өте қызықты кездесу болды:)
Осы аптада "міндетті түрде оқу керек" мақалалар да осы жолы тартымды шыққан сияқты.
Жазбамды мақтанумен аяқтайын: мен тек қана үлгілі студент, белсенді журналист емеспін, сондай-ақ ара-арасында аспаздық қасиеті оянатын пысық қызбын:)) Оның дәлелі - https://yvision.kz/post/226234
Назарларыңызға рахмет!