Жеміңнен қорлық көрдің!
блог
Судың да сұрауы бар деген, әрбір ісімізге жауап беретінімізді жадымыздан шығармағанымыз жөн. Неге, қалай жауап беретінімз, істеген ісімізге байланысты. Тірі адам тіршілігін жасайды деп, ойға келген надандықты жасаудың, пайдасынан зияны көп. Мына бейнежазба ойландырарлық..
Осы секілді көп жағдайларды көріп те, естіп те, куәгері болып та жүрміз..
Бірде бір кісі, көлігімен жас баланы қағып түсіріеді. Жүрегі бар адам екен, дереу ауруханаға жеткізеді. Мейрам күні болғандықтын, дәрігер ақша бермесе қарамайтынын айтады. Содан әлгі кісі ақшаны тауып, әкеліп дәрігерге ұстатады. Күйдіретіні ол тіпті медбике емес, дәрігер ғой. Сонша дүниеқоңызданғаны несі?! Содан ақшаны қуана алып, жайдарлы көңіл күймен балаға қараса.. қансырап жатып, о дүниеге аттанып кеткен өзінің бауыр еті, баласы екен..
Мінекей, ол жер де өзінің баласы болмаса да, өзгенің орнына өзін қоя білуі қажет. Бөтен болғанында да, ол да бала, пенде. біреудің жүрек жартысы.. Тек өзінің басына іс түсірмесе болмағаныда. Сондықтан әр қадамымызды абайлап басайық. Бойымызға, жүрегімізге опасыздықты паналатпай, қайырымдылыққа, мейрімділікке бейімдейік. Сәлемің қандай болса, жауабы солай болар деген тағы бар. Сондықтан, өміріміз мәнді әрі сәнді болсын десек, өзіміз жақсылыққа қадам жасай бастайық!