Жемқорлық

Жемқорлық
жеке
блог

             Біздің елімізде жемқорлықтың деңгейі жоғары екендігі құпия емес, әркім оны біледі.  Қазақстан жас ел болғанына қарамастан, тез дамып келе жатыр. Елбасымыздың мықты саясатының арқасында көптеген таңғаларлық нәтижелерге жеттік. Алайда, мемлекетіміз қалай тез дамыса да, солай оның дамуына бөгет жасайтын кедергілер пайда болмауына ешкім кепіл емес. Солардың бірі елімізде кең таралған сыбайлас жемқорлық мәселесі, басқаша айтқанда "коррупция".

            Жемқорлық қайдан пайда болады? Осыған нақты жауапты ешкім бере алмас. Бірақ, менің ойымша, оның бірнеше негізгі себебі бар. Олар: нағыз азаматқа сай қасиеттерінің жоқтығы, қиындықтарды оңай, бірақ адал емес жолмен шешу, тексеру мен бақылаудың аздығы. Осы себептер пара берушіге де, алышуға да қолданылады.

            Бірақ неге жемқорлық жаман болып саналады? Негізінде ол кейбір жағдайларда көмек көрсете алуы мүмкін. Мысалы, ҰБТ-ның нәтижелерін сатып алу мәселесі немесе дайын ғылыми жобамен халықаралық конкурстарда қатысу мәселесі. Екі жағдайда да өз баласының болашағын ойлайтын ата-ана баласын Жоғарғы оқу орнына ақылы түрде оқыта алмағандықтан, пара беру арқылы грантты сатып алады. Бір жағынан осы жағдай біреуге жақсылық әкелсе, екінші жағынан басқа біреуге жаман әсері тиіп әділетсіздік орнайды.

        Ал мемлекеттік деңгейде жасалған жемқорлық тек бір-екі адамның емес, мыңдаған, миллиондаған адамның терімен табылған ақшасын, байлығын біреудің қалтасына әділсіз жолмен түсіреді. Осы жағдайда мемлекеттік қазынадан әр азамат төлеген салық ұрланады, халқымыздың әлеуметтік жағдайы төмендейді. Мысалы, бір компания зауыт салып құрғысы келеді делік. Бірақ өз мақсат үшін лайықты жер табалмапты. Қала әкімшілігінен көмек сұраса, әкім компанияға жағымсыз жерлерді ұсынайды. Нәтижесінде компанияның бастығы әкіммен келісіп, пара арқылы ауруханаға арналған жерді компанияға бере салады. Сонан соң аурухана да басқа жерінде салынды, зауыт та лайықты жер тапты. Алайда осыдан әкім ғана өз пайдасын тапты, өйткені осындай нәтижеге заңды жолмен келсек, зауыт бастығы төлеген пара мемлекеттік қазынаға табыс әкелуші еді.

            Осылайша, жемқорлық Қазақстанның әр деңгейде келісілген жүйеде істейді. Егер де біз, нағыз Қазақстан азаматтары, дамыған өркениетте өмір сүреміз деп үміттенсек, жемқорлықты тамыр жоюына бөгет болу үшін қолығымызға келетін барлығын істеуіміз керек. Менің ойымша, әр адам өзінен бастау керек. Әркім өзіне жемқорлыққа жол бермеуге уәде беру керек. Егер пара берудің куәгері болып шықса жемқорлыққа қарсы арнайы ұйымдарға мәлімет берудің маңызы зор. Осылай адам өзін өзгертсе, ол әрдайым қоршаған адамдарға жағымды әсер етіп, отбасына және достарына үлгі болып дұрыс жолға түседі. Кейін бұл пульсация әсерімен қаланы, қаладан соң аймақты және нәтижесінде мемлекетті өзгертеді.

            Шыныңда да барлығы соңша онай ма ? Иә, бұл жол оңай болып көрінуі мүмкін, алайда іс жүзінде көптеген қиыңдықтар кездеседі. Әр өзгеріс адам баласына жеңіл берілмейді, соңдықтан, әлбетте,  сыбайлас жемқорлық мәселесі бірден шешілмейді. Бірақ бұл жерде тоқтап қалуға да болмайды. Бәлкім осыған ондаған жылдар, ғасырлар кетуі мүмкін, алайда өз күшімізді жинап, сабырлығымызды көрсетіп, барлығымыз үлкен мақсатқа кішкентай қадам жасайық.

            Ал енді, құрметті оқырман, сіз бұл туралы не ойласыз? Қаңдай ұсыныс жасар едіңіз?