Желіні жарған «Кальмар ойыны» squid game

2021 жылдың 17 қыркүйейегінде көрсетілімге шыққан Оңтүстік Кореялық «Кальмар ойыны»(Игра в кальмара,Squid game) аз ғана уақыт ішінде 110 миллионнан астам қаралым жинаған. Netflix-тің құрамында үздіктер қатарына еніп,Instagram, Tik-Tok желілерінде кеңінен тарады. Кейбір көрермендер аватарларына дейін сериалдағы кейіпкерлерді қойып үлгерген. Түрлі трендтер мен соған байланысты бетперделер де бар. Режиссері Хван Доң Хюк (황동혁). Оның айтуы бойынша, сериалдың жарық көруі үшін ұзақ жыл уақыты кеткен. Қатыгездек пен жауыздыққа толы веб-сериалдың негізгі көрермендері өкінішке орай мектеп оқушылары.
Ақша жағынан таршылық көріп, қарызға белшесінен батқан 456 адамды жасырын түрдегі құпия ойынға шақыртады. Кем дүниеде қысылып жүрген жандарға ойын шарты бойынша 45,6 миллиард вон беріледі, әрине келіседі. Яғни, 38,5 млн АҚШ доллары. Трейлерде қантөгіс көріністерін көп көрсетпегенімен, сериаллың өзі қантөгістен тұрады. 9 сериалды кино негізінде 1 ғана жеңімпаз болуы міндетті. Бірінші кезең: «Red light or green light».«Жасыл» дегенде ойыншылар алдыға қарай жүреді,«қызыл» деген кезде қатысушылар қозғалмай тұра қалуға қауқарлы болғаны жөн, бір артық қимыл, ойыннан шығарылады. Ең басты кемшілік, ойыншылардың ойыннан жай ғана шектетілуінде емес. Ереже бойынша, қозғалған ойыншы өледі. Ойынның ең бастапқы кезеңінде олар үшін бұл ереже тансық болады. Тек, екінші кезеңде ғана ойын құны адам жанына теңестендірілетінін саналы түрде ұғынады. Негізгі 5 ойын және соңғы қорытынды ойын ойнатылады. Олардың ішінде: 1).Red light or green light. 2)Қайнатылған қатты қант ішіндегі фигураны сындырмай алу. 3)Екі топқа бөліну, арқан тартыс. 4)Жұпқа бөліну, өзара жарыс. 5)Көпірден өту(жұқа шыны). 6)бас кейіпкерлер Ги Хун мен Сан У бала кездерінде ойнаған "Кальмар ойыны".
Кино желісі бойынша екі түйін түюге болады. Біріншіден, ақша оңай жолмен келмейді. Екіншіден, қарызды қайтармау арқылы шексіз шикіліктердің шегін шектей алмайсың.
Туынды туралы жалпы ақпарат жазу үшін ең алдымен сериалды толық зерттеу керек болды және мен оны көрдім. Веб-сериал мүлдем балалар үшін арналмаған! Себебі, психикаға қатты әсер ететін көріністердің өте көп болуы, адамдардың тірі қалу жолындағы бірін-бірі өлтіруі, жауыздық, қатыгездік, қантөгіс қойылымдары мен көруге болмайтын қойылымдардың көп кездесуі сериалдың балаларға арналмағандығына бірден-бір фактор. Қазіргі заманда, еліктеушілік жас тұлғалар бойында басымырақ. Кейіпкерлерге деген жанкүйерлік қолдау бөлек,ал сериалдағы іс-әрекеттерді қайталау мүлде басқа атмосфера. Ғалымдар мен психологтардың айтуы бойынша, психикаға кері әсер тудырушы себеп бола алады. Тіптен, бұл ойынды күнделікті ойналатын ойын қатарларына қосып алған. Қағазға «Кальмар ойынының» пішіндерін салып, ойынға шақырту жасауды да шығарған. Кейбір мемлекеттерде ата-аналар тарапынан наразылық туындап жатыр. Негізгі талап: әлеуметтік желілерде шектеу қою, тек оларға ғана емес, жас шаиасына шек қою. Қазір, тіпті ата-ана баласының телефонын қарамайды, не көретінін, қандай суреттерді жүктейтінінен, тіпті аватарларында тұрған суреттердің қай сериалға тиесілі екенінен, оның мазмұнынан толықтай бейхабар. Пікірлерді оқысаң да, оқушылардан сұрасаң да:«Маған ұнады,сен көрдің бе?» деп сұрайды. Қантөгіс пен жауыздыққа толы сериал қалайша көрерменнің жүрегіне жетіп, ең үздік фильм қатарына енуі мүмкін? 2-ші маусымының шығуын талап етуде...
Әрине, кинода тұрған ештеңе жоқ. Бірақ, көрермендердің, оның ішінде жас-жеткіншектердің оны саналы түрде қабылдай алмауы өте жағымсыз ақпарат.«Бала айтқанды емес,көргенді істейді.»



Бөлісу: