Сенбіде Астанадан Абай Отардың келу құрметіне Алмалы орталығында блогшылармен кездескенбіз.
Жексенбі де босқа өткен жоқ.
Көптен күтіп жүрген Назираның (Бурханова) гүлзарына бардық. "Гүлстан" журналының редакциясы керемет жерде орналасқан екен. Нағыз жанның рахаты дерсің. Назира да шешен болып алыпты. Әрбір өсімдікті таныстырғанда, аузыңның суы құрып, ұйып тыңдайсың.
Ғашықтар үшін таптырмас қыдырыс орны екен. Бақ іші тұнған романтикаааа :) Алда Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні келе жатыр дегендей ))
Назира әр өсімдікке аялай қарап, тарихынан сыр шертті.
Мынадай тақтаны үйінің алдында әркім де жасай алады екен.
Ал мынау Назира мен Сания )
Бақтан шығып, Тұңғыш Президент саябағына бардық. Ол жақта "Қысымсыз өмір - еркіндік" деген акция өтіп жатыр екен. Біраз психологиялық кеңестер беріліп, денсаулықты қалай күту керектігі туралы мағлұматтар айтылды. Акция ұйымдастырушылары адамдарды көп ренжімеуге шақырды. "Алдаспан" рок-тобының өнерін тамашаладық. Әдемі, кәсіби. Бір сөзбен айтқанда, "Алдаспан" алдаспандай жарқырады. Ол жақта Блогқұрылтай-2013-те "Қыран.кз" жобасымен танылған Ақшолпанды кезіктірдік.
Айтпақшы, "Алдаспан" тобы Массагетте де бар. Мына жерде өз жаңалықтарын айтып отырады.
Міне, бірер уақыт бөліп, дүниетанымымды кеңейтіп алдым :) Ендігі демалыста бұйыртса опера және балет театрына барамын ба деген жоспарым бар. Маған кім қосылады? :)
Сіз жексенбіні қалай өткіздіңіз?