Ертең, яғни шілденің 26-да кикбоксингтен Қазақстан мен Қытай командаларының жолдастық кездесуі өтеді. 7 жекпе-жектен тұратын сайыста екі елдің ең үздік кикбоксшылары бақ сынайды. Дүбірлі додада ел намысын Ерсайын Қасамбаев, Бабыр Артықбаев, Шыңғысхан Тілемісов, Қанағат Нұрғалиев, Артур Сауырбаев, Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсыновтар қорғайды. Жарыс Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. Жарыс жолында жампоздарымызға жанкүйер болайық!
Дайындаған: Олжас Болатбекұлы