Жеке бизнесті ашуға алғашқы қадамдар

Жеке бизнесті ашуға алғашқы қадамдар
жеке
блог

Мемлекеттік қызметкер немесе жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етіп ақша табу бәрінін көңілінен шыға қоймайды. Сондықтан, көптеген адамдар өз биснесті ашуға бел буады. Кейбіреулер арнаулы жоғары білім алып, бизнес-идеяларын жүзеге асыруға тырысады, ал кейбуреулер еш жоғары білімсіз де үлкен жетістіктерге жете алады. Әйтседе, жеке кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін қажетті қадамдарды талдап көрейік.

Ең біріншіден өз қабілеттеріңізді анықтап алу керек. Қолыңыздан жақсы келетін нәрселердің тізімін құрастырып, олардың ішінен өзіңізге ең қызықты кәсіпті таңдап алыңыз. Бизнесті жүргізу шығармашылық процесс болғандықтан, ол сізден сан қырлы жетігендік пен ерлік күш, уақыт пен жұмысқа деген жан тәнімен берілуді талап етеді. Солайша, табысты болып көрінетін, алайда өзіңізге танымсыз әрі қызықсыз салада жұмыс істеу кәсіпорынның банкротқа ұшырауына себеп бола алады.

Маңыздылығы бойынша екінші орынды алатын фактор – ол, әрине, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығына талдау жасап, болашақ жоба үшін іскерлік тобашаны табу. Қазіргі  заманда кәсіпорныдардың саны аз емес. Дегенмен, олардың мықты және әлсіз жақтарын талдап салыстыру өз жеке бизнесіңіз үшін бірегей жоспар құруға міндетті түрде көмек береді.

Бизнес-жобаны кұратсыру

Үшінші кезеңде бизнес-жобаны, яғни бизнесті жүргізу жоспарын құрастыру керек.  Жобаңызды іске қосу үшін қандай кезеңдерден өту керек екенін және онымен байланысты қандай қиыншылықтар пайда бола алатыны туралы ойланып көріңіз. Кейбір аса қүрделі мәселелерді шешу жолдары туралы алдын-ала ойланып қою сізді бастық лауазымына дайындайды. Сонымен қатар, өз жобаңыздың жарнамасы туралы ойланып көруге тиіссіз. Бастапқы кезеңдерде қоғамға жобаңыз туралы ақпарат беріп, алғашқы клиенттерді табу жеке кәсіпкерлер үшін ең қиын қадамдардың бірі. Сондықтан, әрекеттеріңіздің жоспарын құруында өте мұқият болған жөн.

Ендігі этапта сіз алғашқы клиенттерді қабылдауға дайынсыз. Өзіңізді ең жақсы жағынан көрсетуге бар күшіңізді салыңыз, өйткені тапсырыс берушілер сіздің жұмысыңызбен риза болса, ол сіздің бизнесіңізді ары қарай дамуына әсер ететін ең маңызды факторға айналуы мүмкін. Әйтсе де, сіздің мақсатыңыз тек қана ақша табу ғана емес, жеке компанияны құру болса, бұл ісіңізді ары қарай дамыту туралы ойлануыңыз шарт. Жобаны кеңейтіп, кәсіпкерден бизнесменге айналуға болатын жолдарды келесі мақаламда қарастырып көремін. Ал әзірше, бұл мақалада бизнесті жүргізу ерекшеліктердің бәрін қарастырмағаныммен, сіздерде кәсіпкерлік туралы бірәз ойлар пайда болды деген үміттемін. Назарларыңызға рахмет!