Жек көру мен сүю

 

Жек көру мен сүю, бір-біріне қарама-қарсы, еш түйіспейтін сезімдер, сөздер. Бірақ менде солай, сүйе тұра, жек көрмін, оны қатты жек көре тұра, өлердей сүйемін. Бұл сезім менің сорым болды ғой. Бұл жан да. Қалай ғана менің сезімім адасты, қалай ғана мен ол адамды сүйдім, қалай ғана менің жүрегім қателесті. Мен оны көргенде демім жетпей, айтарға сөзім тауысылып қалады, өз-өзімді ыңғайсыз сезініп, кең шетсіз бір тұңғиық қараңғылықта тек біз ғана қалғандай, айналамда ешкім жоқтай болып көрінеді де, жүрегім соғысын әдетінен жиілете түсетіндей. Бойым жылынып, алақандарым ысып, не сөз таба алмай қаламын. Және солай бола тұра мен оны қатты жек көремін, жек көремін. Мен осы уақытқа дейін дәл бұлай ешкімді жақсы көріп те жек көріпте көрмеппін. Бұл менің тек жүрегімді ғана емес, бүкіл тұла бойымды жаулаған сезім. Сүйіспеншілік пен жеккөрушілік қалайша осылай бірге болады, қалайша бір жүректе, бір адамға, осындай мүлде қарама-қайшы екі сезім өмір сүреді? Түсінбеймін, түсіне алмаймын... адасқан сезімдердің шырмауында қалғандаймын.

         Бойымды кернеген осы бір аласапыран сезімдерден қалай құтылсам болады, осы жолдан шығар бір жолда таба алмаймай сандалдым. Өз ойыммен, өз сезімімде өзім адасып жүрмін. Мен қалай жақсы көремін? Өте  қатты, мен үшін онсыз бұл әлемнің болуы, өмірді сүру, уақыттың өтуі, сағаттың жылжуы, жүректің соғуы мүмкін емес сияқты. Және оны өте қатты жек көремін, мен үшін ол бұл ғаламдағы ең оңбаған адам, арамза, сұмпия, сұрқия, тіпті айтарға сөзім жоқ. Егер ол болмағанда менің өмірім махаббатқа тола болар еді, мен бұлай өз ойымда шырмалып, жалғыз өмір сүрмес едім. Егер ол болмаса мен бұлайша есеңгіреп, есімнен аумас едім.

         Ол, ол деген саған мүлдем лайық жан емес қой, оның қай жерін ұнатасың а? Деп өзімді жеймін, бірақ сол өз сұрағыма өзім жауап таба алаймай тағы да сандаламын, тағы да ойлардың шырауына шырмалып, оны қатты сүйетінімді айтып жылаймын, сағынамын, көргім келеді, жүрегім алым алып ұшып, соны іздейді, ал сосын оны қатты жеккөрушілік сезімім оянып, оған деген лоқсық кеудеме жиналып, жынданамын....Құдды бір есінен дасқан жандаймын. Бұл мені жынды етті, бұл сезім мені ақылымнан адастырды.

         Бұл өмірде міне, мұндайда болады екен-ау. Бір адамға деген осындай екі сезім бір жүректе өмір сүреді екен. Ендігісін уақыт көрсетеді, осы сезімдердің қайсысы жеңер екен? Жеккөрінішім жеңсе екен. Мен оны тек жеккөргім келеді, сүйгім келмейді.................................



Бөлісу: