Жазылмаған ойлар...

Жазылмаған ойлар...
жеке
блог

Өмірде бастысы - тәжірибе... Пианинодағыдай... Бірде ақ перне, бірде қара... Бірақ, қараны басудан қорықпаңыз. Өйткені, сізге нәтиже керек. Бетховеннің 17-ші сонатасындағыдай  толық музыка пайда болуы үшін, пернелердің екі түсін де басу қажет...

Бетховен бақытты, ол соната жазды... екі мағынасында да: 1. әлемге мұра қалдырды; 2. бала кезіндегі музыкант боламын деген арманына жетіп, Доротея Эртман сынды шәкірт тәрбиелеп, 1827 жылы өмірден өтті. Қызығамын. Келер буынның мақсаты "көлік сатып алу" емес, соната...өмірлік соната жазу болса...

P.S. Бетховеннің 17-ші сонатасын тыңдап көріңіздерші, әсіресе 3 бөлімін "Allegretto"... Ғажап Wink Бетховеннің уақыт өте келе БЕТХОВЕН болғанын ұмытпайық!