Жазылмаған ойлар... (2)

Ұлы композитор Фольфганг Амадей Моцарт небәрі 5 жасында клависин мен скрипкада еркін ойнаған екен. Сондай-ақ, ол осы жасында алғашқы пьесасын жазған... 

Хм, ал мен 5 жасымда не істеп жүрдім? Қуыршақтармен ойнап жүрдім Айтпақшы, мен 5 жасымда алғаш рет Қадір түнінің не екенін естіп - білген едім ғой...

Сол түні нені армандадым дейсіздер ме? Сіздерге өтірік, маған шын: елдің ойын оқи алатын сиқырлы таяқшам болса екен дедім. Неге олай ойладым екен? Бәлкім мен үшін ол кезде бұл әлем "құпия кітап" сияқты елестеген шығар...Кім білсін...

Ал қазір менде не бар? Қалам, дәптер, ой және сезімтал жүрек. Өкінбеймін! Аллаға шүкір!

P.S. Моцарттың №40 симфониясын тыңдаңыздаршы! Ғажап) 




Бөлісу: