Жазылмаған ойлар... (1)

-"Сен не ұнатасың?"

-"МММ, тамақ жегенді" 

Расында да, барлығымыз тамақ жегенді ұнатамыз, оны талғаймыз, қалаймыз, тіпті онсыз өмір сүре алмаймыз. Бірақ өмір сүру үшін ең әуелі жанға азық қажет. Біреу ол азықты шабыт деп атайды, біреу бәлкім жақсы көңіл-күй дер. Қалай болғанда да, ол - азық және ол бізге қажет! 

Жасырып нем бар, біраздан бері жаныма азық іздеп жүрдім... Таптым! Қайдан? Оқыңыздар! 

"Ты масло на моем хлебе... " хм, қандай әдемі. Бұл Джулий Чайлдтың сөзі. Ол кім? Джулийді француз асханасының майталманы деп атаса да болады. Қалай таныстыңдар? "Джулий и Джулия: готовим счастье по рецепту" фильмінде таныстым. 

Фильм "сүйкімді"!!! Иә, фильмді олай атауға келмес, бірақ, расында да, сүйкімді, жылы, әрі өте нәзік. Құдды сол заманда өмір сүріп, Джулийдің рухын сезгендей боласың. Француз елінің салқын самал желі, ерке тілі, талғампаздығы мен әсемдігі! Ең бастысы, әрбір әйелге қажетті кеңестер береді: отбасы, асхана, ішкі жан-дүние...мотивация... 

Charles Aznavour – "Mes Emmerdes" әніндегі әрбір нотаның қайталанбас әуенін естігенде секіріп-секіріп билегім келеді! Талғам, сезім, шабыт. Эх, басқа не керек?! 

Не маңызды? Сенім... Еш уақытта сенімді жоғалтпау... Арманнан бас тартпау... 

Фильм ғажап! Рас айтамын!   

P.S.BON APPETIT:))) 



Бөлісу: