Жазығы жоқ еді...

Жазығы жоқ еді...
жеке
блог

    Қорқасыз ба – істемеңіз, істедіңіз бе – қорықпаңыз, істеп қойдыңыз ба – өкінбеңіз. Бүгінде перзентханада емес, əжетханада туылатын, қасиетті бесікте емес, қоқыс жəшігінің ішінен табылатын сəбилер көбейді. Бүгінгі əйелдер неге өз сəбиінен өзі бас тартуда. Жетімін жылатпаған жұрт едік. Алайда, соңғы кездері баласын туа сала, көшеге лақтырып кететін, лас жерге тастап кетіп жатқан безбүйрек аналар туралы хабарларды жиі еститін болдық. Жасыратыны жоқ, əлеуметтік желіні ашуға жүрексінеміз. Əр күні сəбиін көшеге тастап кеткендер оқиғасы көзіңе оттай басылады. Ана... Үш əріп, екі буын, бір сөз. Көп сөздің бірі десек те болады. Ана сөзі ұлы ұғым, Дана да, данышпан да, ғалым да, патша да анаға бас иген. Ана адамға өмір сыйлаушы жан. Дегенмен, аналардың бəрі бірдей емес. Заманның азуы нан болар, безбүйрек, тасжүрек жанға айналған аналар қатары көбейе түсуде. Ең безбүйрек дейтін көкектің өзі жұмыртқасын қалай болса, солай тастай салмайды.Ал, Алла тағала ғаламат ақыл сыйлап, жер үстінің əміршісі еткен адамдардың іштен шыққан шаранасын қоқысқа тастап, ит пен құсқа жем етуі олардың азғындап бара жатканы ма? Жесірін қаңғыртып, жетімін жылатпаған қазақтың бүл күнде мейірімі азайып барады. Себебі, іштен шыққан шұбар жыланды да өлімге қимайтын аналар бүгінде аяқ қолы балғадай балаларын қоқысқа тастай салатын күйге жетті. Тоғыз ай құрсағында көтерген баласын басқа біреуге сатып жіберіпті дегенді де естисін. Осындай кішкентай ғана сəбиге зар болып отырған отбасы қаншама. "Жас қыздар ондай айуандыққа,көргенсіздікке баратын" деп бар кінәні қыздарға таға саламыз- ау. Бірақ, жігіттердің жауапкершілік алудан қорқып қашуы да бар. Алайда жас болсада қанша жерден қандай қиындық болсада бауыр еті баласын тастамағаны жөн-ау. Себебі,дүние есігін енді ашып жатқан баланың ешқандай кінəсі жоқ.. Əкелгесін оны бағып қағып тəрбие беру əке мен ананың міндеті. Осы тақырып дәл бүгінгі таңда қоғамның ең бір өзекті мәселесіне айналды. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетер әз аналар арасынан азғындаған сіңлілеріміздің, қыздарымыздың осындай келеңсіздіктерге ұрынуы бір ғана отбасының немесе бір ғана ауылдың қасіреті емес, қазақ деген жаны жайсаң, көңілі дархан ұлтымыздың ұятына таңба болып басылып тұр.