Жазушы немесе аудармашы?
жеке
блог
блог
"Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғытқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты",- деген екен ертедегі бір ғұлама.Бұл сөздің мағынасы үңіліп қарар болсаң, теңіздей терең.Бұл фәниде кіл мықтылармен теңесіп, биікте самғау үшін мақсат қоя білу және оны орындау аса маңызды.
Мен жер мен көк, жаратылыс пен жаратылғандар, өмір мен өлім туралы мыңдаған сұрақтардың жауабын жақұттардай жасырған сандық – кітап болса, мен сол сандықтың ішін бағалының бәріне толтырып ап, күллі жұртқа паш ететін жазушы болуды армандаймын.
Кино саласында да жазушылық қырымнан танылып, сценарист ретінде жайсаң көрерменге жағымды сюжеті бар, жалықтырмайтын кино сыйлау да ойда бар.
Бірінші мақсатым, жазушылыққа бейімделу.Сия толтырылған қаламымды қолға алып, өзімді күніге шырмайтын ойларымның басын біріктірген күйі ақ параққа түсірсем деймін.Сәл де болса тәжірбие жинақтап әрі қиялымды ұштасам, жазу мәнерімді түзесем, нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен бірге, рецензия немесе эссені қалайша дұрыс жазуға болатынын үйреткім келеді. Әрине, бар білетінімді.
Екіншіден алдыма мақсат етіп кітап оқуды қойып отырмын.Алдымен шетел әдебиетінде өз орны бар Марк Твеннің "Гекльберри Финнің басынан кешкендері" атты кітабын оқып бітіргім келеді.
Одан соң, өзімнің сүйікті жазушыларымның бірі Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" романын оқу жоспарымда бар.Кітапты көптеп қолға алу арқылы тіл байлығымды дамытып, қазіргі заманның телефонның торына шырмалған жастарынан ада болғым келеді.
Үшінші мақсатым, өміріме пайда әкелетін, мотивация беретін кино саласындағы ірі туындыларды тамашалау.Жалпы, өзім "өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу үшін кітаптың ғана емес, фильмдердің де берер көмегі мол" деп есептеймін. Сонымен қатар, осындай фильмдерді тамашалап болған соң, бар ынта-жігеріммен массагеттік оқырмандарды қызықтыратындай рецензия жазып, жариялаймын.
Төртіншіден, өзімнің өлең жазудағы қабілетімді шыңдағым келеді.Өзіндік ойы бар, өзгеге берері мол өлеңдерді тудыра алсам, мақсатымды орындаған болар едім.
Бесінші мақсатым, ағылшын және француз тілін меңгеруде өзіме де, өзгеге де пайдалы нәрсемен айналысу.Нақты айтар болсам, бұл тілдердегі өзіме ұнататын өлеңдерді қазақ тіліне аударып, жариялау.Өзіме қызықты, өзгеге пайдалы істі жасаудың өзі бақыт емес пе?!
Міне, менің алдыға қойған кішкентай да болса мақсаттарым осындай.Мақсаттарыма массагеттіктермен бірге жетуге барымды саламын!