Жанбек УАТАЙ, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математикалық анализ және ықтималдықтар теориясы кафедрасының профессоры, Табылды Қайыпов, техника ғылымдарының кандидаты, деректік жүйелер және технологиялар кафедрасының доценті. Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті.
Жазу мен емле
Қазақша жазғанда, сөйлегенде орыс сөздері орысша жазылу және айтылу керек деген ереже –кәзіргі жазудың ең үлкен қателігі. Кәзіргі қазақ әліпбиінде артық әріптер көп. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде мүлде жоқ дыбыстарды белгілеу үшін жазылып жүр, мысалы: в, ц, ф, ч, щ әріптері.
Бірнеше дыбыстық мәні бар әріптер де аз емес. У әріпі қазақтың дауыссыз у дыбысын да белгілейді, мысалы: тау, сөйлеу деген сөздерде, сонымен қатар у әріпімен үу, ұу, іу, ыу дыбыс тіркестері де жазылып жүр.
И, ю, я әріптері де дыбыс тіркестерін белгілейді. Оқулықтардың көпшілігінде: қазақ тілінде и, у деген дауысты дыбыстар бар деп айтылған. Анығында, қазақ тілінде бұндай дауысты дыбыстар жоқ. Бұл жағдайдың ең айқын дәлелі –и, у әріптеріне аяқталатын сөздерге тәуелділік жұрнағын тіркеп көру. Тәуелділік жұрнақтың –сы, –сі түрінің дауысты дыбысқа аяқталатын сөзге жалғануы, ал –ы, –і түрінің дауыссызға аяқталатын сөзге жалғануы – қатаң орындалатын заңдылықтардың бірі. Мысал ретінде кез келген сөздерді алуға болады: әке-сі, іні-сі, аға-сы, бала-сы, қол-ы, түр-і, бай-ы, бау-ы, күйеу-і. Соңында и, у, ю әріптері бар сөздерге осы жұрнақты жалғап байқасақ: ми-ы, би-і, бу-ы, ту-ы, оқу-ы, тою-ы, қою-ы болып шығады, ми-сы, би-сі, бу-сы, ту-сы болмайды. Бұның себебі – мысал ретінде келтірілген сөздер дауыссыз й, у дыбыстарына аяқталады, дыбыстық құрамдары мынадай: мый, бій, бұу, тұу, оқыу, тойыу, қойыу.
Дыбыс тіркестерін бір әріппен белгілеу – жазуды сәл қысқартады. Бұны – осы әдістің пайдалы жағы деп айтуға болады, бірақ бұндай әдістің пайдасынан зияны көп. Зиянды жағы – оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын түсіндіру қиындығы, жазу жүйесінің мантықтығының бұзылуы.
Жазуды сәл қысқарту үшін орыстың ц, ч әріптерімен тс, тш дыбыс тіркестерін белгілеуге болар еді. Сонда кетсе, жетсе деген сөздер кеце, жеце түрінде, ал кетші, жетші, күзетші деген сөздер кечі, жечі, күзечі түрінде жазылар еді. Бұндай жазғанның қателігін әр адам түсінеді. Жазуды бір әріпке қысқарту үшін кет-се,жет-се, кет-ші, жет-ші, күзет-ші деген сөздерді жазғанда – түбірдің дыбысы мен жұрнақтың дыбысын біріктіріп, бір әріппен белгілеудің қисыны жоқ.
Кәзіргі жазуымызда: дыбыстық құрамдары оқы-у, байы-у, қарай-ыу болып келетін сөздерді оқу, баю, қараю түрінде жазып, екі мөрпемнің құрамындағы дыбыстарды біріктіріп, бір әріппен белгілеп жүрміз. Көз үйренгендіктен бұндай жазулар көпшілікке қате болып көрінбейді. Кию деген сөздің жазылуы тіпті қисық. Бұл сөздің дыбыстық құрамы: кій-іу. Жазуда, бір жағынан, ій дыбыс тіркесі – и әріпімен, екінші жағынан, йіу дыбыс тіркесі – ю әріпімен жазылып, й дыбысы екі рет есептеліп тұр.
Сөздің дыбыстық құрамын толық көрсетіп жазу керек деген – соңғы жылдары табылған жаңалық емес, 30-шы жылдары, одан да бұрын болған жағдай. Мысалы, у, бу, су, жи, қи, ки, би, ми, уыс деген сөздер - ұу, бұу, сұу, жый, қый, кій, бій, мый, ұуыс болып жазылған, тек әріптері басқаша болатын. Қазақ жазуының тарихында ең дұрыс жазу сол жазу еді.
Латын әріптерімен жазып жүргенде-ақ, 38-ші жылы жазу бүліне бастады. Орыс сөздерін қазақша жазғанда орыстың и дыбысын ій түрінде белгілеп, мысалы: көмійтет,көмійсар деп жазу дұрыс емес, и дыбысы бөлек әріппен белгілену керек деп, 38-ші жылы жазуға өзгеріс енгізілді. Сонан соң, іле шала, жазу орыс әліпбиіне ауысып, тілде жоқ дыбыстарды белгілейтін әріптерге қазақ жазуы қарық болды. Тағы бір жылы ый дыбыс тіркесін и әріпімен жазған дұрыс деп, бұрын сыйыр, тыйын болып жазылатын сөздер сиыр, тиын түрінде жазыла бастады.
Орыстың и дыбысына қазақтың ій дыбыс тіркесі ұқсас екені рас. Орысша мен қазақшада ы әріпімен белгіленіп жүрген дыбыстар бірдей емес. Орыстың ы дыбысына қазақтың ый дыбыс тіркесі өте ұқсас. Алматы деген жазудың орысша дыбысталуын қазақша келтірсек, Алматый болып шығады. Орыстың дауысты у дыбысына қазақтың ұу тіркесі ұқсас екені де рас. Көп оқулықтардың: қазақ тілінде и, у деген дауысты дыбыстар бар деген қателіктерінің себебі – осы жағдай. Осы қателіктің салдарынын, латын әріптері негізінде қазақ әліпбиінің жобаларын ұсынып жүрген азаматтар – латынның і, u әріптерін орыстың и, у дыбыстарын белгілеу үшін алып алады да, қазақтың дауысты дыбыстарын белгілейтін ыңғайлы әріп таба алмай қалады. Біраз жобаларда - ұ дыбысын w әріпімен белгілейік деген ұсыныс кездеседі. Меніңше бұл қате.
Латын әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін 6 әріп бар. Олар: a, e, і, o, u, y. Латын әріптері негізіндегі әліпбилерде дауысты дыбыстардың белгілері ретінде осы 6 әріп және осыларға қасымша белгі қойылған әріптер немесе қос әріпті таңбалар жазылады. Латын жазуында бір кезде 23 әріп болыпты. Сол әріптердің ішінде і әріпі - дауысты и дыбысын және дауыссыз й дыбысын белгілеу үшін, ал u әріпі - дауысты у мен дауыссыз у-ды белгілеу үшін жазылыпты. Кейіннен, дауыссыз дыбыстарды белгілейтін j мен v әріптері пайда болған көрінеді.
Латын тілінің оқулықтарында: латын әліпбиінде 23 әріп бар деп айтылған. Екі әріптің таңбалары қосымша таңба ретінде жақшада көрсетілген, і (j), u (v) түрінде. Қосымша таңбаларды дербес әріптер деп есептесек, негізгі латын әліпбиінде 25 әріп болып шығады. Осы әріптерден басқа – ағылшын жазуында w (қос v деп аталатын) әріп бар. Бұл әріп басқа да көп тілдердің жазуларында бар. Сонымен, компьютердің, жазу мәшеңкесінің тақтасынын біздің көріп жүрген латын әліпбиінде 26 әріп бар.
Ағылшын жазуында в дыбысының таңбасы v, дауыссыз у-дың таңбасы w. Кейбір тілдерде бұл екі дыбыстың біреуі ғана бар. Мысалы, қазақ тілінде у бар да, в жоқ, орыс тілінде – керісінше. Орыс тілінде дауыссыз у болмағандықтан, басқа тідерден келген сөздерді орысша жақындатқанда дауыссыз у дыбысы в-ға ауысқан. Мысалы, Аурора, аутомат деген сөздер орысша Аврора, автомат болып шыққан. Қазақтың Уәлиқан, Көкшетау деген сөздерінің орысша Валихан, Кокчетав болған себебі де осы.
Керісінше, қазақшада бұрын завод, товар болып жазылып жүрген сөздерде в дыбысы у-ға ауысып, кәзір зауыт, тауар болып шықты. Дауыссыз у мен в-ның жақындығын көп жағдайдан байқауға болады. Мысалы, орысша все, всегда, взял деген сөздерді усе, усегда, узял деп сөйлейтіндеріне қарағанда, украйн тілінде дауыссыз у бар болар, ал в-ның бар жоғын білмедім.
Қазақ тілінде в дыбысы болмағандықтан бұл дыбысты қалай белгілейміз деген сұрақ та болмауға тиіс. Кәзіргі жазудағы в сөйлегенде басқа дыбысқа ауысып айтылады, мысалы: Омарып, Омарыба болып.
Кәзіргі жазуымызда в-дан басқа да тілде жоқ дыбыстарды белгілейтін әріптер бар. Жазуды латын әріптері негізіне ауыстырғанда қазақ тілінде жоқ дыбыстарды белгілейтін таңбалар өзінен-өзі қалуға тиіс.
Жазу туралы әңгіме болғанда түсіндіруді қажет ететін жағдайлардың бірі: қазақ тілінде қ мен к – бір пөнемнің екі түрі, сондықтан бұл екі дыбыстың бір әріппен белгілену керектігі. Осы сияқты, ғ мен г дыбыстары да бір әріппен белгілену керек.
Дауыссыз дыбыстың қатты қ болып, не жұмсақ к болып айтылуы – жанындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке болуына байланысты. Жіңішке дауыстының жанында қатты дауыссыз, немесе жуан дауыстының жанында жұмсақ дауыссыз айтылуы мүмкін емес. Мысалы қүл немесе кұл деу үшін дыбыстарды әдейілеп, тоқтап келтіру керек. Қ мен к-ні бір әріппен жазуға болатындығына күмәнденетіндердің жалғыз мысалы: қазақ пен казак деген сөздер. Қазақ тілінде жуан а-ның жанында жұмсақ к айтылмайды. Казак деп орысша айтылуды келтіру үшін қазақ әліпбиінде артық әріп болу керек деген – келіспейтін шаруа. Қазақтар мен орыс қазақтарды айырып айту үшін, орысша: қазақты казах дейді. Бұрын тіпті кайсак дейтін. Қазақшада өзімізді – қазақы қазақ, оларды – орыс қазақ деп, сын есім жалғамай, орыс қазақтарды кәзәк деп атауға болады, жұмсақ к-мен жіңішке ә дыбыстарды қолданып. Орыс қазақтардың атауын кәзәк деп жорналшылар жаза бастаса, қазақ тіліне бұл сөз тез сіңіп кететін сияқты.
Ұқсас атауларды айырып айту үшін сөзді сәл өзгертіп айту тәсілін орыс тілінің тәжірибесінен көруге болады. Мысалы, ағылшынша бірдей аталатын Үндістан үнділері мен Америка үнділерін орысша индиец, индеец деп айырып атайды. Екі халықтың әйелдерін, бірақ, орысша бірдей атайды: индианка деп.
Жалпы түріктер мен Түркійенің түріктерін орысша атағанда: жалпы түріктерді тюрк деп, Анадолы түріктерін турок дейді.
Кәзіргі жазудың әсерінен, оқулықтардың айтқанынан, көп қазақтардың миында мынадай ұғым қалыптасқан: орыс тілінің дыбыстары түгелімен қазақ тілінде де бар, оған қосымша қазақшада, төл дыбыстар деп аталып жүрген, 9 дыбыс бар деген. Бұл ұғым мүлде қате. Қазақ тілі мен орыс тілінің дыбыстық құрамдары бір біріне қарама-қарсы деп айтуға болады. Орыс тілінде дауыссыз пөнемдердің саны қазақ тілімен салыстырғанда екі есе көп, ал қазақ тілінде дауыстылардың саны екі еседей көп: қазақта – 9, орыста –5. Орыс тілінде дауыссыздардың қаттылық-жұмсақтық қасиетінің әсерімен дауыстылар жуан не жіңішке болып айтылса, қазақ тілінде, керісінше, дауыстылардың жуан-жіңішкелігінің әсерімен дауыссыздар қатты не жұмсақ болып айтылады. Орыс дыбыстарынан едәуір айырмашылығы бар дыбыстарды төл деп атағанда, кейбір оқулықтар төлдердің қатарына ы дыбысын жатқызбайды, жазылатын әріпі орысша болғандықтан. Жазылатын әріптері бірдей болғанымен, қазақтың ы дыбысы мен орыстың ы дыбысының айырмашылығы – қазақтың і-сі мен орыстың и-інің айырмашылығымен бірдей. Бұл айырмашылық сын түріндегі жазудың орысша оқылуы мен қазақша оқылуын салыстырғанда анық байқалады. Орыс сөзінің оқылуын қазақша сыйн деп келтіруге болады. Қазақ тілінің барлық дыбыстары өзіне төл. Таңбасы бірдей, бірақ қазақша мен орысша оқылуы өзгеше болатын жазудың көп мысалдарын келтіруге болады. Солардың бірі – шет ел деген сөздің оқылуы. Орысша оқылғанда бұл жазу шэт йел болып шығады. Қазақша оқылуын орыс жазуымен щет эль деп жақындатуға болады. Осы мысалдан орыс тілінің дыбыстық құрамы мен орыс жазу жүйесінің кейбір ерекшеліктерін түсіндіруге болады: орыс тілінде ш дыбысының тек қатты түрі бар екендігін, сөздің басында немесе дауыстыдан кейін е әріпі йэ болып оқылатындығын (я, ю әріптері йа, йу болып оқылатын сияқты), қатты л мен жұмсақ ль екі пөнем екендігін. Жоғарыда, қ мен к – бір пөнемнің екі түрі екендігі туралы айтылды. Латын әріптері негізінде құрастырылған, 30-шы жылдардағы қазақ әліпбиінде бұл дыбыстар екі әріппен белгіленген. Латын негізінде жаңадан қазақ әліпбиін құрастырғанда бұл дыбыстарды бір әріппен белгілеген дұрыс. 30-шы жылдардағы жазудың, меніңше, тағы мына ережесін өзгерткен дұрыс сияқты. Ол жылдардағы емле бойынша етістіктің тұйық түрі -ұу, -үу болып аяқталатын. Мысалы: көрүу, келүу, барұу болып. Етістіктің түбіріндегі ы дыбысы ұ-ға ауыстырылып жазылатын. Мысалы: оқұу, тоқұу болып, бұл етістіктердің түбірлері оқы, тоқы болғанымен. Меніңше, кәзіргі емленің: “еріндік дыбыстардың әріптері тек бірінші буында жазылады” деген ережесін қолданып, тұйық етістікті көріу, келіу, барыу, оқыу, тоқыу түрінде жазған дұрыс. Кәзіргі емледен 30-шы жылдардағы емленің тағы мынадай өзгешелігі болған. Ол жылдары көмектес септіктің жұрнақтары жалғаулық ретінде қарастырылып, сөзден бөлек жазылатын, мысалы: көше мен, балта менен болып. Қазақ тілінде көмектес септік бар деп те айтылмаған. Бұл жөнінде кәзіргі емленің анықтауы дұрыс. Көмектес септіктің бар екендігі, -мен, -менен-дердің жұрнақ екендігі – сөзге қосылғанда екпін осы жұрнаққа ауысқаннан айқын анықталады. Мысалы: қолмен, көзбен болып.
30-шы жылдардың емлесінің ескіріп қалған тағы да бірен-сараң ерекшеліктері болған. Мысалы: және деген сөз жана болып жазылатын.
Жалпы, сол жылдардағы емле мен кәзіргі емлені салыстырғанда, әр емленің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Кәзіргі емлені берекесіздендіріп тұрған негізгі себеп – орыс сөздерін орысша жазу үшін қазақ тілінде жоқ дыбыстарды қолдану. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы көп айтылды. Гәзет, жорналдарда әліпбидің бірнеше жобалары жарияланды.
Латын әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрастырғанда мынадай жағдайлар ескерілу керек.
Әліпбиде қолданатын таңбалар ешбір қосымша әріп, не қосымша белгі қолданылмай тек қана латын әріптері болу керек. Бұл – компьютерді, байланыс құралдарын еркін қолдану үшін қажетті шарт.
Латын әріпінің қазақ жазуындағы дыбыстық мәні – сол әріптің латын және басқа жазулардағы мәніне ұқсас болу керек. Мысалы, х әріпін ж деп оқи салайық деген жарамайды.
Кейбір дыбыстарды екі әріпті таңбамен белгілегенде, жұрнақтардың құрамында болатын төрт дауысты дыбыстың таңбалары бір әріпті болу керек. Ол дыбыстар: і, ы, а, е.
Қазақ әліпбиі қазақ тілінің ғылыми анықталған дыбыстық құрамға негізделуі керек. Тілде жоқ дыбыстарды қолдану деген, кәзіргі жазудың қателігі, жаңа әліпбиге ауыспау керек.
Біраз уақыттан бері біз латын негізіндегі қазақ әліпбиінің мынадай жобасын ұсынып жүрміз.
1 A,a а 10 J,j й 19 Q,q ғ,г 2 Ae,ae ә 11 K,k қ,к 20 R,r р 3 B,b б 12 L,l л 21 S,s с 4 C,c ш 13 M,m м 22 T,t т 5 D,d д 14 N,n н 23 U,u ұ 6 E,e е 15 Nx,nx ң 24 Ue,ue ү 7 G,g ж 16 O,o о 25 V,v у 8 H,һ х,һ 17 Oe,oe ө 26 Y,y ы 9 І,і і 18 P,p п 27 Z,z з
Төрт дыбыс үшін екі әріпті таңба алынды: ae – ә, oe – ө, ue – ү, nx – ң. Х әріпі көмекші әріп ретінде жазылады. Осы қолданысына қосымша, n әріпіне тіркесіп тұрмаған жағдайда, x әріпіне қс, кс деген дыбыстық мән беруге болады. Мысалы, сексен, тоқсан, жақсы, ақсақ деген сөздерді sexen, toxan, gaxy, axak түрінде жазып. “Оны қайтеміз, seksen, toksan, gaksy, aksak түрінде жаза берейік” деуге де болады. Бұл – келісімге байланысты жағдай. Қолданылмай қалған әріптер: f, w. Бұл әріптерді басқа тілдердегі сөздің сол тілдегі жазуын көрсету үшін қолдануға болады. Мысалы, ағылшынның Өріуел деген жазушысының атын жазғанда Oerіvel (Orwell) деп, жақшада ағылшынша жазуды көрсету үшін. Дыбыстарды белгілеу үшін латын әріптерін таңдағанда мынадай себептер ескерілді. Дауысты дыбыстарды белгілеуге әріп жетпегендіктен, үшеуіне екі әріпті таңба алынды: ae – ә, oe – ө, ue – ү. Осы қос әріпті таңбалардың екеуі: ae мен oe – латын тілінде де бір дыбыс болып оқылатын таңбалар. Қазақ тіліндегі бес жіңішке дауысты дыбыстардың төртеуінің жуан дауысты пары бар. Олар: ә – а, ө – о, ү – ұ, і – ы. Сыңар дыбыс – е. Пары бар төрт жіңішке дауыстылардың үшеу қос әріпті таңбамен белгіленгендіктен төртіншісіне де қос әріпті таңба алудың қажеттілігі де, реті де жоқ. Қазақ тіліндегі тоғыз дауысты дыбыстардың төртеуі, жұрнақтардың құрамында болғандықтан, - жиі кездесетін дыбыстар. Мысалы, барғанда, қалғанда деген сөздерде– а дыбысы, келгенде, бергенде деген сөздерде– е дыбысы, біріншісі, екіншісі, тоғызыншысы, оныншысы деген сөздерде– і, ы дыбыстары бірнеше рет кезігеді. Жазуды тым ұзартпау үшін осы төрт дыбыстың таңбалары бір әріпті болғаны қазақ әліпбиінің міндетті шарты деуге болады.
Латын тілінде к дыбысы c, k, q әріптерімен белгіленеді. Бұл әріптердің арасында c әріпінің дыбыстық мағынасы көп жағдайда өзгеріп кеткен. Тұрақты к болып оқылатын әріп k. Осы әріп к дыбысының таңбасы ретінде алынды. Латыншада q әріпі тек қана qu тіркесінде кездеседі, бұл әріптің де латынша оқылуы к. Жобада бұл әріп ғ, г дыбысының таңбасы ретінде алынды.
Г мен к – біреуі ұяң, екіншісі қатаң, ұқсас дыбыстар. Дыбыс ықпалының әсерімен қазақшада қ,к дыбысы ғ,г дыбысына өзгеретін жағдай да бар, қарагөз, сарыгөл, ала ғой сияқты сөздерде. Осы себептер – q әріпімен ғ,г дыбысын белгілеу мүмкін екенін көрсетеді. Латынның c әріпі, бұл әріптен кейін і, e, y әріптері тұрған жағдайда, батыс тілдерінде ц, ч, с болып оқылады. Мысалы, cent түріндегі жазу ағылшынша сент болып оқылады. Анадолы түрікшесінде бұл әріптің дыбыстық мәні дж.
30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылған. Ұсынылып отырған жобада да ш дыбысының таңбасы ретінде c әріпі алынды. Латын жазуы жаратылған атам заманда c әріпі к болып та, г болып та оқылған көрінеді. Кейін бұл әріпке көлденең сызықша қосылып, г дыбысының таңбасы ретінде G,g әріпі пайда болған. Бұл әріптің батыс тілдеріндегі қолдануы c әріпінің қолдануына әбден ұқсас, жалпы жағдайда г болып оқылады да, і, e, y әріптердің алдында ж, дж болып оқылады. Мысалы, general түріндегі жазу женерал, дженерал болып оқылады. Осы жағдайдың негізінде, қазақ тілінде ш мен ж дыбыстарының сыбайлас екенін ескеріп, ш–ның таңбасы c болғандықтан, ж–ның таңбасы ретінде g әріпі алынды.
Қазақтың ң дыбысын белгілеу үшін латынның n әріпіне көмекші әріп тіркеп қос әріпті таңба алғаннан басқа амал жоқ. Ағылшын жазуының үлгісімен, көмекші әріп ретінде g немесе q әріпін алудың ыңғайсыздығы – нж, нг дыбыс тіркестерінің қазақ сөздерінде болуы. Мысалы, кенже, бүгінгі деген сөздердің жоба бойынша латын әріптерімен жазылуы: kenge, bueqіnqі. Осы жазуларда кездесіп отырған ng, nq әріп тіркестерін ң дыбысының таңбасы ретінде алу – оқуды шатастырады.
Қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келмейтіндіктен, ә, ө, ү дыбыстардың таңбаларын ae, oe, ue түрінде алуға болады. Бұл таңбалардың екі әріпін бөлек оқу қажет болып қалса, мысалы, сөздің басқа тілде оқылуын қазақша жазумен келтіру үшін, ондай жағдайда, латын жазуының үлгісі бойынша, екінші әріптің үстіне қос нүкте қою әдісін қолдануға болады. Немесе екі әріптің арасына, ағылшын жазуында қолданылатын, сыңар тырнақша қоюға болады. Орыс жазуында ае, ое әріп тіркестері айэ, ойэ болып оқылады. Мысалы ясное деген сөздің дыбыстық құрамы: йаснойэ.
Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден піскен, жетілген мәселе, қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Кейбіреулер: “Кәзіргі әліпби де жазуға жарап жүр ғой. Осы қиын, тапшылық заманда әліпби ауыстырып қайтеміз?” дегенді айтады.
Салыстыру ретінде, орыс жазуы тарихынан мына уақиғаны еске салуға болады. 20-шы ғасырдың басында орыс тілшілері: “Екі ғасыр ішінде жиналған орыс тілінің тарихи өзгерістерінің салдарынан тіл мен жазу арасындағы сәйкестік бұзылды. Жазуға өзгеріс енгізу керек” дегенді айтты. “Орыс тіліне не қажет екенін сіздер білесіз” деп, тілшілердің ұсынысы бойынша, орыс жазуы мен емлесіне өзгеріс енгізу туралы қаулыны 1917 жылдың мамыр айында Уақытша үкімет, желтоқсан айында Кеңес үкіметі бекітіп берген. Сол заманда Ресейде оңған жағдай болған жоқ, ал орыс жазуы жарамай қалған жазу еместін, Пушкин, Толстойлар шығармаларын сол жазумен жазған. Сол замандағы орыс жазуының кемшіліктерімен салыстырсақ, кәзіргі қазақ жазуының кемшіліктері бірнеше есе көп.
Әліпби ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Бірақ, шығынды тым асыра бағалау – бекер сөз. Әліпби ауысқанда бұрынғы кітаптарды өртеп жіберу керек деп ешкім айтпайды. Кәзіргі жазумен жазылған кітаптар – сол кітаптарды оқи алатын қазақтармен бірге тозып, бірге ескіреді. Құнды кітаптар керек болған жағдайда қайтадан басылады.
Әліпби ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты себебі – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік беретін, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер ететін, қазақ тіліне ауадай қажетті мәселе.
Жанбек УАТАЙ, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математикалық анализ және ықтималдықтар теориясы кафедрасының профессоры, Табылды Қайыпов, техника ғылымдарының кандидаты, деректік жүйелер және технологиялар кафедрасының доценті. Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті. Жазуменемле Қазақшажазғанда, сөйлегендеорыссөздеріорысшажазылужәнеайтылукерекдегенереже –кәзіргіжазудыңеңүлкенқателігі. Кәзіргі қазақ әліпбиінде артық әріптер көп. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде мүлде жоқ дыбыстарды белгілеу үшін жазылып жүр, мысалы: в, ц, ф, ч, щ әріптері. Бірнешедыбыстықмәнібарәріптердеаземес. У әріпі қазақтың дауыссыз у дыбысын да белгілейді, мысалы: тау, сөйлеу деген сөздерде, сонымен қатар у әріпімен үу, ұу, іу, ыу дыбыс тіркестері де жазылып жүр. И, ю, яәріптерідедыбыстіркестерінбелгілейді. Оқулықтардың көпшілігінде: қазақ тілінде и, у деген дауысты дыбыстар бар деп айтылған. Анығында, қазақ тілінде бұндай дауысты дыбыстар жоқ. Бұл жағдайдың ең айқын дәлелі –и, у әріптеріне аяқталатын сөздерге тәуелділік жұрнағын тіркеп көру. Тәуелділік жұрнақтың –сы, –сі түрінің дауысты дыбысқа аяқталатын сөзге жалғануы, ал –ы, –і түрінің дауыссызға аяқталатын сөзге жалғануы – қатаң орындалатын заңдылықтардың бірі. Мысал ретінде кез келген сөздерді алуға болады: әке-сі, іні-сі, аға-сы, бала-сы, қол-ы, түр-і, бай-ы, бау-ы, күйеу-і. Соңында и, у, ю әріптері бар сөздерге осы жұрнақты жалғап байқасақ: ми-ы, би-і, бу-ы, ту-ы, оқу-ы, тою-ы, қою-ы болып шығады, ми-сы, би-сі, бу-сы, ту-сы болмайды. Бұның себебі – мысал ретінде келтірілген сөздер дауыссыз й, у дыбыстарына аяқталады, дыбыстық құрамдары мынадай: мый, бій, бұу, тұу, оқыу, тойыу, қойыу. Дыбыстіркестерінбірәріппенбелгілеу – жазудысәлқысқартады. Бұны – осы әдістің пайдалы жағы деп айтуға болады, бірақ бұндай әдістің пайдасынан зияны көп. Зиянды жағы – оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын түсіндіру қиындығы, жазу жүйесінің мантықтығының бұзылуы. Жазудысәлқысқартуүшінорыстыңц, чәріптеріментс, тшдыбыстіркестерінбелгілеугеболареді. Сонда кетсе, жетсе деген сөздер кеце, жеце түрінде, ал кетші, жетші, күзетші деген сөздер кечі, жечі, күзечі түрінде жазылар еді. Бұндай жазғанның қателігін әр адам түсінеді. Жазуды бір әріпке қысқарту үшін кет-се,жет-се, кет-ші, жет-ші, күзет-ші деген сөздерді жазғанда – түбірдің дыбысы мен жұрнақтың дыбысын біріктіріп, бір әріппен белгілеудің қисыны жоқ. Кәзіргіжазуымызда: дыбыстыққұрамдарыоқы-у