Шынымды айтсам менің ештеңе жазғым келмейді. Құдды өмірде жазатын нәрсе таусылып қалғандай. Білсеңіз қазір қиналғаннан, жазу міндет болған соң ғана жазып отырмын. Сонша қиналатындай не басына күн туды дерсіз мүмкін. Онда айтайын - сабақ үшін. Бүгін осы сайтқа тіркеліп, жазба жазуымыз керек боп тұр. Ал кеттік ойланайық, не жазамын?! Бастан өткен қызықты оқиға... болмайды!... менің өткенім кімге қызық?! Жұлдыздардың өмірі...жо-жоқ, ол да болмайды! Ол кісілермен онсыз да бірге ұйықтап, бірге өмір сүріп жүргендейміз. Әр басқан қадамы көз алдымызда. Университет туралы, факультетім мен группаластарым туралы... мүлде қажет емес! Өзгелерге кеңес беретін тым ақылды да емеспін. Маған ештеңе де қызық емес, қызықтырғанын да қаламаймын. Бірақ келесі жолы тағы да жазуға тура келеді. Өйткені, ешкім өзгерте алмайтын заңдылық солай. "Осында отырған жандардың бәрі өз еркімен жаза ма екен?" деген ой келіп отыр. Ооойй, одан да келесі жазбамды жазуға тақырып іздей берейін. (Тағы да шынымды айтсам, әрең дегенде аяқтадым...)