Жаздың соңғы жазбасы

Жаздың соңғы жазбасы
жеке
блог

Сәлем бердік сайттастар)) деп жаңа сөз шығарып отырсаң да))

Қалайсыздар? Эххх, бүгін жаздың соңғы күні... Алматыда биыл алғаш рет жаз мезгілін толық өткіздім. Қоғамдық көліктерде аздап шарашағаным болмаса, тамаша өтті ғой жаз деген! Ауылыма екі-үш рет барып келсем де, жергілікті көл мен Арысқа бару да бұйырмапты бағыма.

Сомеееен жаз өтті...

Әне-міне дегенше қалашығымызға да келіп алдық. Жатақханаға да орналасып алдық. Кеше ғой, бір тамаша күн болды. Барлық студенттер келіп жатыр арқаланып ауылдан. Кеш болысымен "үйіміздің" алды толды жастарға. Әй, бір демалдық-ау әбден. Түнгі 11-ге шейін ән айтты студенттер. Толып қалыпты ғой,  шіркін!!! Балмұздақтардың да ауыздары ашылып қалыпты. Сірә, мынадай ұйымшыл ордаға түстік деп ойламаған болар басында.)))

Жатақхана жабылысымен қайта жиналып алып,  кішігірім шығармашылық кеш өткіздік. Ауылдан келген қымыздан дәм ауыз тиіп, әңгіме айттық. Сағынып қалыппыз... Ең соңында тек өлеңге жақындар ғана қалып, жаңадан туған жырлармен бөлістік. Сиясы кеппеген өлеңдер оқылып, Есенғалидың кітабын да ақтарып тастадық. Қысқасы, қызық болды) Тым-тырыс боп қалған "үйіміздің" сәні кіріп қалды. Биыл үшінші курс!

Балмұздақ кезімді аңсап, бірінші курсқа түскен студенттерге жалтақтап қарай берем...

Балмұздақ болғым келеді...