Салем, массагетші қауым! Амансыздар ма?
Көп болды ғой жазбағалы. Жаза алмайтын болып қалыппын. Болмаса, кеудемді тырмалап, жүрегімді жұлқылап жүрген талай айтылмаған сыр жатыр ғой.
Бұрындары блог жазғанда кеңінен көсіліп, бәрін де үйіп-төгіп тастайтын едім. Ал қазір, екі сөздің басын құрай алмай, аппақ экранға қарап отырумен өткізем.
Ойым шашырап, ішімдегі сезімді жеткізетін сөз жоқ секілді мен үшін бұдан былай.
Оқимын. Сайтқа кірмей, сырттай ғана сығалап, кім не жазды екен деп оқып шығам. Сонымен болды. Не болғанын өзім де білмеймін. Мүмкін өзімді өзім тығырыққа тіреп, өзіме өзім шектеу жасап алдым ба екен?
Қайткенімен де, рахмет саған, МАССАГЕТ! ))))