Жайықтың шағаласы оңтүстікте

 

 

«Болмау керек сүюдің жолы жаңа,

Қыз үлесі қашан да болу Ана.

Жаным деген жігітті жек көрмеңдер,

Өзі сүю – қыздардың соры ғана...»

Өлең – адамды тәрбиелеудің бірден-бір құралы болса, Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері қазақтың әрбір қызының бойына жақсы қасиеттер ұялатып, ізігілікке насихаттайды.Бүгінде Ақұштап анамыз карантин жаңдайын байланысты жастарға, бойжеткен аруларға онлайн форматта ақыл-кеңес берп, дәрістер өткізіп жүр. Өлеңсүйер қауымды сағындырған Жайықтың ақ шағаласы Алматыға арнайы ат басын бұрып, А.Чехов атындағы қалалық кітапханада оқырмандарымен сұхбат құруға келді. Әңгіме ақынның шығармашылығындағы негізгі идея, басты мақсат жайлы басталды.

Ақынның шығармашылығынан басталған әңгіме туған жері Ақ Жайық жайлы әсерлі әңгімемен өрбіді.

«Адам кіндік қаны тамған туған жеріне қызмет ету арқылы Отанға қызмет ете алады. Туған жерге борышын атқару арқылы бүтін ұлтына қызмет етеді. Ал мен туған жерім, Ақ ЖАйықты, сол бір өзеннің тарихы, дәстүрі, дастаны, әсіресе бес ғасыр жырланып келе жатқан қазақтың Қыз Жібегінің махаббаты,сұлулығы – осының бәрін жақсы көру арқылы Жайығыма өлең-жыр арнадым. Рас, Жайық тасығнда сырымды да, қуанышымды да, мұңымды да айттым» , – деп тебіреніспен жеткізді ақын.

Кездесу барысында поэзияны сүйген жастардың сауалына ақын толық жауап беріп, байланыс орнатып отырды.

Ақұштап апа бүгінгі күннің өзекті мәселелерінін бірі – Батыстың экологиясын айтып, қаншама басылым бетіне сұқбат беріп, біраз мәселені көтеріп жүргені белгілі. Жиын барысында да ақын Ақ Жайықтың нашар халін өлеңменен сипаттап, ішкі жан-толқынысын бөлісті.

Іс-шара барысында туған жер, ана, отбасы, қыз тәрбиесі, Отан туралы ақынның өлең-жыры оқылды. Кездесу соңында өлеңге жаны құмар жастар өз өлеңдерін оқып, ақынның ақыл-кеңесі мен бата-тілегін де алып үлгерді.

Ақұштап апамыздың ғибратты әңгімелерін тыңдағыңыз келсе, ақынның тікелей эфирлерін қалт жібермей, қарап жүріңіз, оқырман!



Бөлісу: