Жайықтан сәлем!

Жайықтан сәлем!
жеке
блог

Сәлем бердік, массагеттің аяулылары мен ардақтылары! Қызықты жазбаларыңызды оқып, кең тыныстап жүрм. Байқағаным - бір жылдың ішінде массагет ойы озық оқырманмен толығып, танымдық аурасын кеңейткен секілді.

Сонымен олимпиада бітіп, күздің қара суығы жақындады. Осы мезгілде ерекше күйде жүрем. Сағыныш, есею, будақтаған кешкі түтін исі мен бозамықтана ататын таңдар... Эх, өмір-ай десиш! "Десиш" демекші Алатаудан Жайыққа келгеніме де екі айдан асып барады. Қарт Алатаумен мұңая қоштассам да, Жайық мені әсем толқындарымен мөлдірей қарсы алды. Сонда да Алматы мен ҚазҰУды  күнде сағынам. Әсіресе, Мика (Ұшқын) деген қызды түсімде жиі көрем. Соңғы рет қағанатта кездесіппіз ғой. Сен обходной толтырып жүргенсің. Әййй, Миколок-ау, сағындым сені! Арман-қиялымыз да, ойымыз да, түріміз де, тіпті киетін киіміміз бен талғамымызға шейін ұқсас еді ғо. Кейде өз қылығым өзіңді еске түсіреді. Сол кезде сені қатты сағынып кетем. 

Кеш болып кетті. Күн суық. Редакцияда отырм, мақсат қойсаң, тырмысып, ниеттенсең жетесің дейтінің  еске түсед осындайда ... Қой, Мик, мен шығайын.

Жақсы жазбалармен қауыша жатармын, сау боп тұрыңыздар!